Шаханов: 24 мың қазақ қызы қытайға тұрмысқа шыққан
2016 ж. 28 мамыр
8084
22
Аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті Жер туралы заңға енгізуіміз керек. Елордада өтіп жатқан Жер реформасы бойынша комиссияның үшінші отырысында комиссия мүшесі, ақын Мұхтар Шаханов осылай деді.
«Жерді Қазақстан азаматтарына жалға беруге болады деп жатырмыз. Тек, бір мәселені қатаң түрде ескеруіміз керек. Бүгінгі таңда 24 мың қазақ қызы қытай жігіттеріне тұрмысқа шығыпты. Қыздарымыздың бұл үрдісі үлкен деңгейде жалғасып жатыр. Болашақта Қазақстан азаматшасына үйленген қытай күйеу балалар сан миллиондаған жерді жалға алып, қытай құдаларды қаптатса қайтеміз? Сондықтан аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті Жер туралы заңға енгізуіміз керек», - деді М.Шаханов.
Дерек көзі: ҚазАқпарат