Жер сатуды шығарып жүргендер қой терісін жамылған қасқыр секілді латифундистер. – Н.Сабильянов
2016 ж. 22 мамыр
5544
5
Астана. 21 мамыр. Baq.kz – Ұлттық музейде өткен Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов жер сату дауына басты кінәлілер латифундистер екендігін кесіп айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
– Жалпы, жер сату дауын шығарып жүргендер негізінен латифундистер. Қой терісін жамылған қасқыр секілді бұлар, мыңдаған гектар жерді елді шулатып жүріп арзанға ала салғысы келеді. Біз мұндайға мүлдем жол бермеуіміз қажет, - деді Нұртай Салихұлы.
Айта кетейік, осымен екінші рет өткізіліп жатқан комиссия отырысының күн тәтібінде жерді сату немесе сатпау мәселесі талқыланған болатын.
Фото: elana.kz