"Астанадан комиссия келсе, саунаға апарып, қыздар шақырамыз", - депутат.
2016 ж. 21 мамыр
2894
2
Шымкентте депутаттармен қатар, полковник полициясына дейін саунасы бар. Ал онда келушілерге қызмет көрсететін жезөкшелер көбіне ауылдан келген қазақтың қыздары...
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш Шымкентте өткен қоғамдық кеңес отырысында жайып салды, деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.
Кеңесте жергілікті полиция қызметінің басшысы Балтабек Аблаев өзі басқарып отырған мекеменің атқарған жұмыстары туралы көпшлік алдында есеп берді. Жергілікті полиция қызметі жұмысын бастағалы бері қылмыстың ашылуы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Алайда Абылаевтың есебі бойынша, полицейлер көлік тапшылығын тартып отыр.
Шенді қызметкердің есебін мұқият тыңдаған кеңес мүшелері жерілікті полицейлердің жұмысына көңілдері онша тола қоймағанын байқауға болады. Себебі баяндама біте сала қатысушылар Балтабек Абылаевты сұрақтың астына алып, кейбірі өз ұсыныстарын да жеткізді. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты ашық мәлімдеме жасады.
"Біздің қалада полковник полициясына дейін сауна бар. Екі депутаттың саунасы бар. Оны айтпаймыз, ол сауналар да учаскелік полицейлердің территориясында. Сауналарда ауылдан келген қазақ қыздары жүр. Оларды үйіндегілер қызымыз оқып жатыр, пәтер жалдап тұрып жатыр дейді. Олар болса "сауна жағалап жүр", - деп ашынған халық қалаулысы ол аздай бүгінде қыздар былай тұрсын, балалар арасында да жезөкшеліктің бар екенін жасырмады.
«Сондықтан да қоғамдық кеңес, жергілікті полиция сонымен айналысу керек. Жергілікті полиция бұрынғы полицейдің жұмысын көшірмеу керек. Жергілікті – дәл қай жерде құқығымыз бұзылады, сонымен айналысу керек», - деп сөзін жалғастырған Дулат Әбіш Шымкенттегі жезөкшелікпен күресу жұмыстары бойынша облыстың бұрынғы әкімі Асқар Мырзамхетовтың жасаған жұмысын сағынышпен еске алды.
«Бізде бір-ақ облыс әкімі көшедегі қыздарды жойды. Ол - Асқар Исабекұлы Мырзахметов. Қалған әкімдер келіп жатыр. Қазіргі әкім таныспаған шығар бәлкім. Бірақ бізде осы пробелама бар. Мына жерде отырып ақыл айтудан не пайда? Біз өзіміз «двойной» стандартқа үйреніп кеткенбіз. Астанадан комиссия келсе, оларды апарамыз сол саунаға. Сөйтіп күтеміз, сол қыздарды шақырамыз», - деді депутат.
Дерек көзі: NUR.KZ