21-мамыр күні митинг өткізуге рұқсат берілмеді
2016 ж. 17 мамыр
3849
16
Астана қалалық әкімдігі "Алаш жолы" қоғамдық қозғалысына 21 мамыр күні жер кодексіне ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімді жалға беруге қарсы митинг өткізуге рұқсат беруден бас тартты. Бұл туралы қозғалыстың Facebook-тегі парақшасында астаналық құқық қорғаушы, белсенді Мақсат Нұрыпбай хабарлады.
Белсендінің Астана қалалық әкімдігінен жіберілді деп жариялаған, Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің қолы қойылған хатта әкімдіктің қозғалыс мүшелерінің 21 мамыр күні "Бәйтерек" монументі жанындағы алаңда митинг өткізу туралы өтінішіне рұқсат бермейтіні айтылған. Әкімдік митинг өткізуге сұралған орын қалалық мәслихаттың 2013 жылдың 24 қыркүйегінде қабылдаған "Астана қаласында бейбіт жиын, митинг пен пикеттер өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімі бойынша анықталған митинг өткізу орнымен сай келмейтінін айтқан.
Бұған дейін Алматы, Орал, Семей қалалық әкімдіктері де азаматтық белсенділердің 21 мамыр күні митинг өткізуге рұқсат беру туралы өтініштерінен бас тартқан.
Дерек көзі: Азаттық