АЙТЫСҚА ТЫЙЫМ САЛДЫ. АҚЫННЫҢ АУЗЫН ЖАПҚАН ДЕГЕН НЕ СҰМДЫҚ?
2016 ж. 15 мамыр
3240
0
Кеше, жер реформасы жөніндегі комиссияның жиналысына қатысқан Айтыскерлер қауымдастығының төрағасы Жүрсін Ерман ағамыз жиын үстінде соңғы уақытта жоспарланған үш айтыстың билік тарапынан шектеу қойылып, өткізілмей қалғанын мәлімдеді.
Қазақтың құдіретті өнерін, шындық алаңын шоуға айналдырмақ болған билік, биліктің «Нұр Отан» партиясы енді айтыс өнеріне мүлде тиым салғысы келіп отырған сияқты.
Қай заманда да, қай ғасырда да, қандай жағдайда да ханы да, қарасы да ақынның аузын жаппаған еді.
Бүгінгі билік қазақтың ұлттық өнерін өлтіруге барын салып жатыр.
Жиын кезінде мұны естіген Дос Көшім ашуға мініп, айтысқа шектеу қойғандарды жауапқа тартуды талап етті.