Қаржы министрлігі офшордағы қазақстандықтарды тексеруде
2016 ж. 14 мамыр
3274
1
Қаржы министрлігі офшорлар тізімінде қазақстандықтардың болуын зерттеп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов хабарлады.
"Бізде ақпарат бар. Қазір мәліметтер базасына сәйкес зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Зерттеудің нәтижесіне байланысты шешімдер қабылданады. Бұдан біздің хабарымыз бар, жұмыс істеп жатырмыз", - деді Сұрағанов. Айта кетсек, журналистік тергеулердің халықаралық консорциумы (ICIJ) тоғызыншы мамырда панамалық Mossack Fonseca заңгерлік фирмасының 200 мыңнан аса клиенті жайлы мәліметі бар толық мәліметтер базасын жария етті. Мамырдың 9-ы күні «Панама құжаттары» деген атпен белгілі, офшордағы табыс көздері туралы журналистік зерттеудің тағы бір бөлігі жарияланған. Ол деректе қазақстандық 250 жеке және 8 заңды тұлғаның есімі аталған. Олардың арасында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев те бар. Дерек көзі: Tengrinews.kz