Мораторийді қолдай отырып, заңның күшін МҮЛДЕМ ЖОЮДЫ сұраймын

jer

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА,

Көшірмесі  ҚР ПАРЛАМЕНТІНЕ

  Нұрсұлтан Әбішұлы!  Сізден 2015 жылы 2 қарашада қабылданған Қазақстан жерін жалға шетелдіктерге беру туралы "Жер туралы Кодекске өзгертулер мен толықтыруларға," «389-V»заңына келесі жылдың 01 қаңтарына дейін УАҚЫТША МОРАТОРИЙ жариялағаныңызды  қолдай отырып, осы заңның күшін   МҮЛДЕМ ЖОЮДЫ   сұраймын.  Себептері:
  1. Қытайлықтар жалға алған жердің тағдыры 25 жылдан кейін не болатыны белгісіз. Қытайлықтардың жер жалдау мерзімі ұзартыла ма, әлде ұзартылмай ма?
  1. Қытай жерінің өнімділігінің басты себебі – олардың улы химикаттарды молынан пайдаланатыны. Оны әлем біліп отыр. Қытайлар кеткен күннің өзінде жерімізді қандай күйде қалдыратыны белгісіз...
  1. Қытай көкөністеріндегі, дәнді дақыларындағы УЛЫ ЗАТТАРДЫҢ, НИТРАТТАРДЫҢ КОНЦЕНТРИЯСЫ адамға зиян келтірмейтін деңгейден 10 еседен көптігін біле отырып, халқымыздың денсаулығына, генофондымыздың өзгеруіне, рак және басқа аурулардың көбеюіне әкеліп соқпайтынына күмәндіміз.
  1. Қытайлықтардың жерлерінде әр түрлі жәндіктерді, мысалы тышқан, жылан, құрттарды өсіретінін айтпағанның өзінде, олардың сиыр еттерінде шошқаның ДНК-сы бар екенін әлем БАҚ-тары, оның ішінде, қазақстандықтар да жазады. Сонда біз ата-бабамыз жемеген доңыз етін жеуге лайықпыз ба?
  1. Адамзат тарихында жерін сатып, жалға беріп байыған халық жоқ, келешекте ол үлкен саяси мәселеге айналып кете ме деп үрейленеміз.
  1. Жалға берілетін жерлерде тұрып жатқан қазақстандықтардың әрі қарай қалай күн көретіні, қайда баратыны заңда негізделмеген – жаңа қожайын қуып шықпасына ешқандай кепілдік жоқ.
  1. Аукцион арқылы, жекешеліндіру (приватизация) кезеңіндегідей, мемлекет қорына түседі деген пайда жоқтың қасы болатынына дәлел көп. Голландық аукцион әдісімен Қарағандыдағы «Ақжолтай» мұз аренасы үш бөлмелі пәтердің құнына, Кеңес үкіметіндегі ең үлкен шахтаның бірі – 22-ші шахта 1001 теңгеге сатылғаны белгілі.
  1. Азын-аулақ малы бар қазақстандықтардың жері жалға кетсе, малының жайылымы мен шабындығы не болатыны заңда көрсетілмеген.
  1. 1 млн. 700 мың гектар жалға берілетін жердің әр гектарына қытайдан тек екі ғана  жұмыскер келетін болса, олардың саны бір мезетте 2-3 миллионға бір-ақ толып, 25 жыл ішінде үйленіп, көбейіп, бара-бара Қазақстан азаматығын алып, «Тың игеру» кезеңіндегідей өз елімізде өзіміз екінші сортты халыққа айналамыз ба деген қауіп бар.

Айтқожа Фазыл

Қарағанды қаласы.

qazaquni.kz