Марат Тоқашбай: МАСҚАРА МЫРҚЫМБАЙЛЫҚ !
2016 ж. 06 мамыр
3706
4
Қоғам белсендісі болған жасырақ кезімде «Неге депутат болмайсыз? Депутаттыққа түссеңізші?!» деген тәрізді өтініш-сұрақтар жиі қойылатын. Қазақстандағы депутаттық маған өзіңді белгілі бір жақтауға (рамкаға) тығып қоюмен бірдей көрінетін де ешқашан депутат болуға тырысқан емеспін.
Қайта маған депутат болғаннан гөрі айтарымды айтатын, жазарымды жазатын журналистік қызметімнің мүмкіндігі әлдеқайда кең көрінетін. Соған бүгінгі күні тағы да көз жеткізгендеймін. Күні кеше ғана, 20-наурызда сайланған Парламент Мәжілісінің депуттарының көбі Жер кодексіне қатысты қарсылық білдіріп, азамат ретінде, ұлт өкілі ретінде өз пікірін айта алмады. Халықтың сөзін сөйлеп, сойылын соғудан қашты. «Өлгенде әрең жеткен» креслоларын қимады. Тіпті лағып кеткендері болды. Масқара мырқымбайлық!
Егер мен депутат болсам, Жер кодексінің 4 нормасына қатысты Президенттің бүгінгі мораторийінен кейін ең болмаса ар-ұятымның алдында өзімді ақтау үшін өз еркіммен депуттаттық мандатымды тапсырып үйіме қайта берер едім.
Бірақ біздің мырқымбайлардың қолынан ол да келмейді-ау. Енді замандастарының бетіне, бала-шағасының бетіне қайтіп қарайды??!!
Марат Токашбаев