Жер сатуға қарсы шыққан адамға айыппұл салынды
2016 ж. 03 мамыр
3232
5
Орал қаласының тұрғыны, өткен аптада "жер дауына" қатысты жалғыз кісілік пикет өткізбек болып полиция ұстаған Бауыржан Әліпқалиевке айыппұл салынды. Бүгін Орал әкімшілік сотының судьясы Роза Сариева 50 жастағы Бауыржан Әліпқалиевке 42 мың 420 теңге (шамамен 20 АҚШ доллары) айыппұл төлеу туралы шешім шығарды.
Әліпқалиев Азаттыққа сот шешімімен келіспейтінін айтады.
Бауыржан Әліпрқалиев 29 сәуірде Оралдың орталық көшесінде "жер мәселесіне" қатысты жалғыз өзі пикет өткізбек болғанда ұсталған.
Сәуір айы мен мамырдың басында Қазақстанның бірнеше қаласында үкіметтің ауыл шаруашылығы жерлерін аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзарту жоспарына жаппай және жалғыз кісілік қарсылық акциялары өткен. Жүздеген адам қатысқан митинг Атырау, Семей және Ақтөбеде өткен. Ақтөбе, Жаңаөзен, Қызылорда қалаларында полиция наразыларға "жер мәселесіне қатысты" митинг өткізуге кедергі келтіріп, таратып жіберді.
Дерек көзі: Азаттық