Полицейлер жалған ақпарат таратқандарды іздестіруде
2016 ж. 02 мамыр
3698
42
Қызылорда облысында қан-жоса болған ер адам жайлы қауесет таратқандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің өкілдерінің мәліметінше, 2016 жылдың 1 мамырында әлеуметтік желілерде және ұялы қосымшаларда Қызылорда қаласының полицейлері ұрып-соққан делінген қан-жоса болып жатқан ер адамның суреттері таралған.
"Бұл мәлімет жалған және арандатушылық мәнге ие. 1 мамырда Қызылордада адамдардың денсаулығына және өміріне зақым келтіретін оқиға болған жоқ. Бұл суреттің ajanshaberler.com сайтынан алынғаны анықталды, оқиға 2015 жылдың ақпанында Қытайда болған. Арандату дерегі бойынша Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті тергеуді бастады. Арандатушылар жауапқа тартылады", - деп хабарлады Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Тақырыпқа тұздық:
"БҰЛ кеше Қызылордада Қырымбек Көшербаевтың тікелей бұйрығымен арнайы жасақтың сойылының астында қалып, басы жарылып, қолы кесілген жігіттің фотосы... ЕМЕС. БҰЛ Қытайда иттерді ұрлап жүріп ашулы ауылдастардың қолына тап болған қытайлық жігіт - http://shnyagi.net/18789-kak-v-kitae-nakazyvayut-za-krazhu-… Айналайын, ағайын! Еліңе, жұртыңа жанын ашығаны қандай жақсы, сіздер-ақ елжанды патриот бола беріңіздер, бірақ уатсаппен келгенді "аһ" деп оқып, оны "уф" деп басқаға жібермес бұрын ойланыңыздар! Сіздің бір ауыз сөз - мың толқуға сеп. Әлі мұндай арандатушылық ақпарат селдей тасиды, көшкіндей жөңкиді. Елімізге жаным ашыды деп еліміздің шаңырағымызды құлатып алмайық!" - деп жазады танымал журналист Өркен Кенжебек өз парақшасында.
qazaquni.kz