«ЖАС ҚАЗАҚ ҮНІ» ГАЗЕТІ САЙТЫ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК САЙТ!

Еліміздегі латын алфавиті бар жалғыз газетті ӘЛЕМ қазақтары түгел оқи алады.

Қадірлі оқырмандар! Газетіміздің www.qazaquni.kz интернет-сайты жаңар­тылып, жарқырап шыққанын қуана хабарлаймыз. Сайтымыздың жаңа нұсқасы жақында ғана жарыққа шық­қанына қарамастан, оқырмандардың назарына ілігіп, Қазақстандағы үздік сайттардың қатарына қосылды. Себебі бұл нұсқа әлемдік деңгейдегі БАҚ сайттарының озық үлгісінде жасалды. Өзге газет сайттарынан бір ерекшелігі латын нұсқасының болуы. Алдағы уақытта төте жазу (араб алфавиті) нұсқасын да жасау жоспарымызда бар. Шетелдегі қазақтардың Қазақстанның газеттерін оқуына бірінші болып біз мүмкіндік ашып отырмыз. Сондықтан болар Еуропадағы қазақтар сайтымыздың латын нұсқасының ашылғанын сүйіншілеп жатыр екен. Газетіміз тек Қазақстан азаматтарына ғана емес әлемдегі барша қазақтарға да арналғандығын айтқым келеді. Осылайша барша қазақтарды газетіміздің төңірегінде топтастырып, жер бетіндегі барлық қазақтар оқитын газетке айналады деп сенеміз.

Бұл Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағұловтың қазақ тілді басылымдардың веб-сайттарын бәсекеге қабылетті ету жолындағы жарқын бастамасына алғашқы жақсы жауап десе де болады. Әлемдегі сайттың ең озық үлгілерін пайдаланып отырғандықтан болар, қазақтілді және орыстілді, қысқасы барлық отандық БАҚ хабарласып құттықтап жатыр және ойларын да бүгіп қалмай, өздері де осындай сайт қалайтындарын, сондықтан сайтты жасаған веб-мастермен байланыстыруларын сұрауда.. Ал біздің тілегіміз қазақ интернетін дамыту болғандықтан оны жасырмай, жария етеміз. Сайтымыздың жаңартылған нұсқасының авторы әйгілі Аршат Оразов. (Байланысу үшін редакцияға хабарласуларыңыз қажет). Жаңалығымыз барша отандық БАҚ-қа жұғысты болсын!