Министр: "Қыздардың жалаңаш шығуы өте көп кездесіп жатады..."
2016 ж. 13 сәуір
3093
3
Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық спортшының тыр жалаңаш күйде фотосессияға түсуіне қатысты пікір білдірді
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық жеңілатлет Татьяна Корбалинаның тыр жалаңаш күйде фотосессияға түсуіне қатысты пікір білдірді.
"Менің ойымша, ол өзін осылай көрсетпекші болған. Егер Ольга Рыпакова мұндай қадамға барса, біз қоғам болып бұған пікірталасуымыз керек. Бірақ маңызды шараға дайындалып жатқан спортшылардың фотосессияға түсуге уақыты жоқ. Шынымды айтсам, олар түнде шаршап келіп, таңертең қайтадан жаттығуға кетеді. Олар осылайша алға жүреді... Қыздардың өзін көрсету үшін жалаңаш шығуы өте көп кездесіп жатады", - деді ол.
Министрдің айтуынша, спортшы қыз өзінің дұрыс әрекетке бармағанын түсініп үлгерді "Дегенмен мақсатына жетті. Өзінің әдемі денесін көрсеткісі келген шығар. Тыйым сала алмаймыз ғой", - деді Мұхамедиұлы.
Еске салайық, 8 сәуірде vesti.kz сайтында қазақстандық жеңілатлет Татьяна Корбалинаның тыр жалаңаш түскен фотосессиясыжарияланған болатын. Дегенмен спортшы мұндай қадамға жеңіл атлетикадағы мәселелерге назар аудару мақсатында барғанын айтты.
kaz.tengrinews.kz