Депутат жер сатуға қарсы шықты
2016 ж. 13 сәуір
3930
4
Халықтық коммунистік партия атынан сайланған депутат Владислав Косарев Премьер-министр Кәрім Мәсімовке сауал жолдап, жерді аукцион арқылы сатудан бұрын, оны пайдалану қағидаларын тәртіпке келтіруді ұсынды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Қазақстан Үкіметі нарықтық либералды қатынастарды ауылшаруашылық жерлерін аукционда жеңілдікпен сату арқылы одан әрі тереңдетуге тырысуда. Мұның артында пайда табу мүддесі тұрғанын түсінеміз. Біз, коммунист-депутаттар, Үкіметті жер мәселесіне қатысты ұстанымын қайта қарауға шақырамыз», - дейді ол.
Естеріңізге салсақ, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын 1,7 млн гектар жер биыл сатылымға шығарылатынын мәлімдеген. Бұл бастама ел тұрғындары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері тарапынан қарсылыққа тап болып, бірқатар тұлғалар Елбасы атына ашық хат жолдаған еді.
Дерек көзі: «Қамшы»