Өнерде жүрген жұбайлардың жас айырмашылығы
2016 ж. 13 сәуір
5331
2
Махаббат жасқа қарамайтынын ескерсек, отандық шоу-бизнесте де жас алшақтығына қарамай, бақытын тапқан жұлдызды жұптар жетерлік.
Асанәлі Әшімов пен Бағдат Әшімова, жас айырмашылығы: 34 жыл
Танымал отбасының отау құрғандарына 15 жыл толды. Әшімов жұбайын ауруханада ем қабылдап жатқан кезінде кездестірген. Бүгінде ерлі-зайыптылардың Асанәлі есімді ұлдары бар.
Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов, жас айырмашылығы: 14 жыл
Жұлдызда отбасы - еліміздегі ең үлгілі жанұялардың бірі саналады. Қос ғашық өмірде де, өнерде де жұбын жазбайды. Бүгінде Қыдырәлі мен Қарақат төрт ұл өсіріп отыр.
Ленара Абибулаева мен Райымбек Баталов, жас айырмашылығы: 14 жыл
"Рахат Лукум" тобының бұрынғы әншісі Ленара мен танымал қазақстандық кәсіпкер Райымбек Баталов та төрт ұл-қыз тәрбиелеп отыр.
Бүркіт пен Аиша, жас айырмашылығы: 12 жыл
Өнерлі жұп сахнада да бір-бірін қолдап жүреді. Жақында жұлдыздар екінші рет балалы болды. Қазір Бүркіт пен Аишаның Зейін мен Омар есімді қос ұлы бар.
Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева, жас айырмашылығы: 11 жыл
"Наша Казаша" жобасының негізін қалаушы Дәуіт Шайхисламов пен танымал журналист Дана Орманбаева төрт ұл-қыз тәрбиелеп отыр.
Мәдина Сәдуақасова мен Олжас Смағұлов, жас айырмашылығы: 6,5 жыл
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова мен "Хабар" арнасының режиссері Олжас Смағұлов 2014 жылы некесін қиды. Қазір жұлдызды отбасының бір ұлы бар.