Жағымсыз жарнамаларды таратуға тыйым салды
2016 ж. 19 наурыз
3610
0
Өзбекстан республикасында «Жарнама туралы» Заңға түзетулер енгізілді. Жаңа толықтырулар комерциялық мақсаттағы жарнамаларда адамгершілікке жат дүниелерді қолдануға тыйым салынды.
Бұл туралы ummet.kz хабарлайды.
Заңнамалық өзгерістердің басым бөлігі кәмелетке толмаған жасөспірімдердің санасын зиянды әдеттерден сақтауға бағытталған. Мәселен, балабақша, мектеп пен оқу орындарында қолданылатын полиграфиялық өнімдердің мазмұнында бейәдеп суреттер мен сөздер болмауы керек. Сонымен қатар, жарнамаларда қару-жарақтың шынайы және ойыншық түрлерін насихаттауға жол жоқ.
Қоғамдық орындардағы жарнамаларда өз тауарларын өткізу мақсатында «тек», «осы ғана» деген мәндегі сөздерді қолдануына да шек қойылмақ. Балаларды қалыпты ас-тағамның орнына жеңіл-желпі желінетін дүниелерді пайдалануға шақыратын мәтіндердің болмауы, энергетикалық сусындардың пайдасы мен зияндылығы қатар жазылуы да заң аясында қадағаланады.
Ал балалар өнімдерін шығарушы кәсіпорындарға аталмыш өнімдерді ана сүтінің толық алмастырушысы деп атауға қатаң тыйым салынады.
Дерек көзі:ummet.kz