НАҚТЫ ІС – НАНЫМДЫ
2016 ж. 17 наурыз
1624
0
Кезектен тыс өтетін түрлі деңгейдегі депутаттарды сайлау науқаны күн өткен сайын қарқын алып, мәреге де жақындап қалды.
Өткен шақырылымда Мәжілістен небары сегіз орынға ие болған «Ақ жол» партиясы көптеген істер атқарды. Экономика, қоғамдық-әлеуметтік және де басқа да салаларға қатысты заң жобаларына көптеген түзетулер ұсынып, өзінің белсенділігімен көзге түсті. Оның әрқайсысын жеке-дара атамасақ та көпшілік жақсы біледі.
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының өз үні бар, мемлекеттік ұлттық мүддені жоғары қоятын партия. Оны Парламентте болған 4 жылдан астам уақытта анық дәлелдеді. Партияға өңірдегі кәсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдерінің жоғары баға беруі соның айғағы деп түсінуіміз қажет. Оған қоса кәсіпкерлікке, шағын және орта бизнеске көрсетіп отырған қолдауы да зор.
Атырау облыстық филиалы ортақ іске үлесін қосып, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, азаматтардың өтініштерін шешуге де ықпал етуде. Нақты айтсақ, өңірдегі партия ұйымының араласуымен 107 азаматтық өтініш оң шешімін тапты. Оның ішінде көшелерді асфальттау, автобус қатынасы жұмысының сапасын реттеу, экологиялық мәселелер бар. Облыстық филиал дәстүрлі түрде әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасылары мен мүгедек балаларға қайырымдылық көмектерін көрсетіп отырады.
8-наурыз, 9-мамыр – Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай, құттықтаулар жолдап, жалғызбасты аналар мен соғыс және тыл ардагерлеріне қаржылай сыйлықтар беріліп, кездесулер өтті. Көрсетілген осынау құрмет үшін олар да партия ұжымына ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ партияның Орталық аппараты өткізген Жеңіс мерекесіндегі «Біздің есімізде, біз мақтан етеміз» акциясына да белсене қатысты. Осындай қайырымдылық шараларына 1-қыркүйек – «Мектепке жол» акциясы аясында «Жақсылық жасауға асығайық!» ұранымен қала мектептеріндегі әлуметтік жағдайы төмен отбасы және жетім, жартылай жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларға киім-кешек пен мектепке қажетті құралдар алуға, барлығы жүзге тарта балаға 2,5 млн. теңгенің көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Облыстық филиал Республикалық Орталық аппарат өткізген қай шарадан да тартынып қалған емес.
«Ақ жол» партиясы тарапынан осындай игі істер жиі атқарылады. Өйткені, партияның ұстанған бағыты да жалаң ұран емесе, нақты іс арқылы халыққа қызмет ету. Нақты істермен ғана ел сеніміне ие бола аламыз.
«Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі
"Қазақ үні" газеті
Мақалалардың жариялану ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қорынан төленді.