ОҢТҮСТІК ТҰРҒЫНДАРЫ «АҚ ЖОЛҒА» РИЗАШЫЛЫҚТАРЫН БІЛДІРДІ
2016 ж. 17 наурыз
2444
1
Батырхан ӨМІРЗАҚОВ, ҚР ІІМ-нің құрметті қызметкері, отставкадағы полковник:
ҚАРАПАЙЫ ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ПАРТИЯНЫ ҚОЛДАЙМЫЗ
– Сайлау - халық таңдауы. Сондықтан алдағы барлық деңгейдегі сайлаудың әділ өткенін қалаймын. Қазір бұрынғыдай емес, халықтың көкірегі ояу, көзі ашық. Сайлауға бір адамдай қатысып, өз елінің тағдырын өзі шешуге тиісті. «Ақ жол» партиясы халық көкейінен шығатын меселелерді көтеріп келеді. Елбасы өзі айтқан: «Біз шағын және орта кәсіпті дамытпасақ, ел экономикасын түзей алмаймыз» деп. Ал «Ақ жол» партиясы әрқашан кәсіпкерлердің қамқоршысы, қолдаушысы болып келді. Сондықтан халық ақжолдықтарды қолдайды. Екінші мәселе – партия басшылығында деп есептеймін. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев та, біздің Оңтүстік облыстық филиал жетекшісі Анарбек Орман да елге, жерге жаны ашитын нағыз азаматтар. «Ақ жол» қарапайым еңбек адамдарын үнемі қорғап, қолдап келе жатқандығымен ерекшеленеді. Сондықтан да өзгелерден оның орны бөлек деп есептеймін. Біз қарапайым еңбек адамдарын қорғайтын партияны қолдаймыз!
Иманәлі БАЙДАУЛЕТ, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Шымкент қаласының құрметті азаматы:
«АҚ ЖОЛ» – АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚОЛДАУШЫСЫ
– Ақжолдықтардың бағдарламасы халықтың қамы. Адами құндылықтардың нағыз қолдаушысы – ақжолдықтар. «Біз үшін тек көпшілік ғана емес, сондай-ақ әрбір адамның жеке пікірі де маңызды» дейтін ұстанымдары осының айғағы. Міне, осының өзі көп нәрсені аңғартады. «Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясы еңбек адамын қолдай отырып, Еңбек туралы кодекске елеулі ұсыныстар түсірді. Оқу орындарының 100 метр қашықтығында ішімдік сатылмауына қол жеткізді. Міне, осы сияқты бірталай игі істерге ұйытқы болды. Менің ойымша, партияның басшысы Азат Перуашев пен ОҚО филиалының төрағасы Анарбек Орман халықтың сенімінен шыға білетін азаматтар. Партияның бет алысы осы ойымызды толықтыра түскендей. Олай болса, ақжолдықтардың айы оңынан туып, сайлауда жеңіске жетуіне тілектеспіз.
Әсия ЖИЕНБЕКОВА, «Сарыағаш-Аман», «Табыс» ЖШС директоры:
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖАНАШЫРЫ ДЕП БІЛЕМІН
–Мен кәсіпкер ретінде «Ақ жол» партиясын қолдаймын. Себебі, бұл партия бізге ұдайы бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетіп келеді. Партия сондай-ақ, салықты төмендету мәселесін көтеріп, еліміздегі шағын және орта кәсіпті дамытуға барынша күш салып жүр. Белгілі бір жұмыс орындарының ашылуы – үлкен жетістік. Өйткені, ол жерде қаншама адам жұмыспен қамтылады. Осылайша, біртіндеп, халықтың әл-ауқаты артып, еліміздің одан әрі дамуына жол ашылады. Партия ықпалымен бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізіп келеміз. Мәселен, жаңа автокөліктер үшін техникалық байқаудың алынып тасталуына да осы партия депутаттары мұрындық болды. «Ақ жол» сайлау алдындағы бағдарламасында қазіргі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» баспана бағасының төмендетілуіне де өз үлесін қосты. Ол қазіргі нарықта жас отбасылар үшін пәтерге қол жеткізу мүмкіндігін арттырды. Біз кәсіпкерлердің шынайы жанашыры ретінде «Ақ жол» партиясын қолдаймыз!
«Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі
"Қазақ үні" газеті
Мақалалардың жариялану ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қорынан төленді.