Қарттарға арналған "балабақша" ашылды
2016 ж. 16 наурыз
2740
0
Алматыда қарт адамдарға арналған "Балабақша" ашылды. Мұнда үйінен зеріккен қарияларды таңнан кешке дейін әкеліп тастауға болады деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
Қазақстандықтар күн санап қартаюда. Жақында еліміз қарт адамдар саны басым елдер тізіміне енді. Ғалымдардың болжамына сәйкес, он жылдың ішінде қарттардың саны 25 пайызға дейін жетеді - бұл халық саны аз Қазақстан үшін кішігірім көрсеткіш емес.
Осыған орай, Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде қарт адамдардың мәселесі бойынша Ұлттық жоспарды құру қолға алынды.
Жақында Алматыда қарттарға арналған "Балабақша" да ашылыпты. Онда жасы келген тұрғындар іші пысқан жағдайда таңертеңнен кешке дейін өзге қатарластарымен бірге шахмат ойнап, серуендеп, әңгіме-дүкен құрып, уақытын қызықты өткізе алады.
Тіпті мекеменің арнайы автобусымен түрлі экскурсияларға, кино мен мұражайға қыдырып қайтады екен. Ал кешкісін күнін көңілді өткізіп, әбден демалған қартттарды үйіңізге алып кете аласыз.
Татьяна Куанның бейнесюжетінен аударылды.