ЖАН-ЖАҚТЫЛЫҒЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕТІН ҰЙЫМ
2016 ж. 14 наурыз
1921
0
Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттар келісімі» қоғамдық қорының директоры:
Біріншіден, «Ақ жол» сайлауға түсіп отырған партиялардың арасында «Алашқа» адалдық танытқан бірден-бір ұйым. Өз кезегінде партия «Алаш» бағдарламасын қабылдау арқылы бұл бағытта ауқымды істердің атқарылуына мұрындық болды.
Екіншіден, партия ұжымы ел ішінде орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы жолында еселі еңбек етіп келеді. Сондай-ақ, осы бағытта кәсіпкерлерді толғандырған мәселелерді билікке дер кезінде жеткізіп, дұрыс шешім табуына ықпал етіп жүргені баршаға белгілі.
Ал, үшінші бір ерекшелігі деп, «Ақ жол» партиясының атамекеніне оралған қандастарымыздың көкейіндегі өзекті мәселелерді ашық көрсетіп жүргендігі. «Ақ жол» партиясының атынан үміткерлер қатарын кәсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдері ғана емес, осындай қандастарымыздың толықтырып жатқандығы да көңіл қуантады. Мұның өзі «Ақ жолдың» жан-жақты екендігін көрсетсе керек. Ендеше, «Ақ жол» партиясы халықтың сеніміне ие болып, сан түрлі саладағы сапалы жұмыстарын жалғастыра береді деген ойдамыз.
Дайындаған Гүлмира Садық
Материалдың жариялану ақысы "Ақ жол" партиясы сайлау қорынан төленді
qazaquni.kz