МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН АСҚАҚТАТҚАН ПАРТИЯ
2016 ж. 14 наурыз
2336
0
Сайлау БАТЫРШАҰЛЫ, экономика ғылымының докторы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер, Астана қаласы «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы:
«Ақ жол» партиясының ұжымы тек науқандық шара кезінде ғана емес, үнемі халықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтажына құлақ түріп келеді. Әрі қоғамдағы көптеген түйткілдердің түйінін тарқатуға белсене араласып жүргендігі бәрімізге белгілі.
«Ақ жолдың» жүйелі жұмысымен ел-жұрт қалың қазақтың үніне айналған «Қазақ үні» газеті арқылы да етене танысып жүргендігін айтуға тиіспіз. Партияның сайлауалды бағдарламасында да мемлекет үшін аса маңызды мәселелер қамтылған. Мәселен, «Ақ жол» партиясы қазақ ұлт ретінде мәңгі өмір сүруі үшін де мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін одан әрі дамыту керек де есептейді. Әрі бұл туралы өздерінің бағдарламасында: «2020 жылға қарай қазақстандықтардың 90%-ының мемлекеттік тілді шынайы меңгеруіне қол жеткізу керек» деп атап көрсетеді. Бүгінгі күнге дейін де осы бағытта жанды жұмыс жүргізіп келе жатқан партия ұжымына сәттілік тілеймін!
Дайындаған Гүлмира Садық Материалдың жариялану ақысы "Ақ жол" партиясының сайлау қорынан төленді qazaquni.kz