ШҚО-дағы жылан-адамдар мекендеген Агарти қаласы

Ғалымдардың айтуынша Алтайдың Қазақстандағы бөлігінде ерекше тылсым күштерге ие Агарти деп аталатын жерасты қаласы бар.

29c5d9ee7b581c7fbefb66ec3bad4f90

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Астаналық зерттеуші Ерсайын Шығаев ОББ-ның экс-агенті Эдвард Сноуденнің жерастында мекен ететін ергежейлі адамдар жайлы айтқан пікірінен кейін осындай байлам жасаған.

Енді астаналық ғалымдар Алтай өлкесіне зерттеу жүргізіп, Агарти патшалығының құпиясын ашпақ.

eb0e54b4e45ff2dd3ddb6f8e79fe78f6

«Алтайда Белуха атты тау бар. Барлық буддалықтар Белуханы Будданың отаны деп санайды. Ежелгі нанымға сәйкес, Будда Гаутама Наги жылан-адамының нәсілінен болған. Нагилер сол жератындағы ежелгі халықтардың өзі болу мүмкін», – дейді Шығаев.

Ерсайын Шығаевтың айтуынша, қолдан салынған жерасты үңгірлері Антарктидада, Австралияда, Кавказ бен Алтайда табылған. Ғалымдар үңгір тұрғындары жылан адам кейпінде екенін болжайды.

«Негізінде мұндай адамдардың кәдімгі адамдардан айырмашылығы – олар энергия көзін Күннен емес, Жерден алады», – дейді Ерсайын Шығаев.

Алтай өлкесінің тұрғындары мұнда көптеген қызықты жайттардың куәсі болғанын айтады. Олар темір жұмыртқа, жартылай адам жартылай жылан түріндегі жаратылысты көрген екен. Тіпті, жергілікті аңшы кісі жылқысын іздеп жүріп, үңгірге түсіп кете жаздапты.

Алан Исаев

Дерек көзі: Stan.kz