Байқоңырдан тағы бір зымыран көкке жол тартты
2016 ж. 14 наурыз
2258
1
Байқоңыр ғарыш айлағынан жерді алыстан бақылайтын "Ресурс-П" спутнигі бар "Союз" тасымалдаушы зымыраны ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зымыран Астана уақыты бойынша 14 наурыз күні сағат 00.56-да ұшырылды. "Тасылмалдаушы зымыранның қозғалтқыш құрылғылары штат режимінде жұмыс істеп, 9 минут 21 секундтан кейін аралық орбитада ғарыш аппараты тасымалдаушы зымыранның "Союз-2.1б" деп аталатын үшінші сатысынан бөлінді. Ұшуды басқару орталығы аппараттың ұшуын басқаруға кірісіп кетті", - делінген хабарламада.
Еске салайық, "Союз" тасымалдаушы зымыраны 12 наурызда ұшырылу керек болған. Дегенмен автоматты ұшыру жүйесінде ақаулар пайда болып, зымыранды ұшыру кейінге қалдырылған болатын.
Дерек көзі: tengrinews.kz