Әйелі білімді еркектер ұзақ әрі бақытты өмір сүреді
2016 ж. 10 наурыз
3156
1
Швеция ғалымдарының мәлімдеуінше, әйелдері білімді ер адамдар басқаларға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Олар 1.5 млн. отбасылық жұптың қатысуымен зерттеу жүргізді.
Анықталғандай, өмірлік серігі ретінде білімді және мәдениетті әйелді таңдаған ер адамдардың өмір жасы ұзақғырақ болады. Бұл ретте, зерттеушілердің айтуынша, ер адамның өз білімі қандай екені маңызды емес.
Мәселе сауатты және білімді әйелдің отбасының тамақтануына ерекше мән беретінінде болып отыр. Ол өзін және үй ішіндегілерге пайдалы тамақ беруге тырысып отырады. Үйдің тұрмысы, өмір салтына қатысты маңызды шешімдер - оның мойынында.
Білімді әйел табиғат аясына шығып, фитнес, спортпен шұғылдануға қызығушылық білдіреді, дұрыс күн тәртібін сақтау, дұрыс ұйықтау және тамақтанудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Осының бәрін есепке ала отырып, дана әйел жұбайын да салауатты өмір салтына баулиды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Дерек көзі: ҚазАқпарат