Президент жарлығымен бірқатар елшілер ауысты
2016 ж. 04 наурыз
2032
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты Қазақстанның бірқатар елшілері босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан;
Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Дерек көзі: ҚазАқпарат