Ер адамдар әйелдерге қарағанда жүрек ауруына үш есе, қант диабетіне алты есе көп шалдығады - зерттеуші
2016 ж. 02 наурыз
3837
0
Қазақстанда ерлердің денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" бағдарламасында қарастырылған.
"ҚР барлық өңірінде ашылған "Ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ ғұмыр орталықтарында", емханаларда қалаған адам ер адамның жыныс тексеруінен өте алады. 16 жасқа дейінгі балалар үшін туа бітті зәр шығару жолдарының ауытқушылықтарын ерте анықтау, оларға салауатты өмір салтын ұстануды үйрету, дене гигиенасына және дұрыс тамақтануды үйрету бағдарламаларын енгізу жоспарланып отыр. Ер адамдарға белсенді кезеңде жыныс жолымен берілетін инфекциялардың алдын алу өткізіледі, дұрыс сексуалдық әдепті, салауатты өмір салтын ұстануды, алкоголь мен шылымнан бас тартуды, отбасы мен баланы өз уақытында жоспарлауды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Егде жастағы ер адамдарға спецификалық антиген простатын, диспансеризация, қажет болған жағдайда геронтологиялық көмек көрсету, физикалық белсенділікті көтеруге және өмір сапасын көтеруге дайындау бақылауымен міндетті урологиялық қараудан өткізуді енгізу ұсынылып отыр", - деді Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының Басқарма басшысы Мырзакәрім Алшынбаев.
Дәрігерлер ер адамның денсаулығын зерттеу аясында бірнеше жылдың ішінде 25 мың ердің тексерілгенін атап отыр. Қазақстандағы ер адамдардың 56,3 пайызында эректиль дисфункциясымен байланысты проблемалар табылған. 42,4 пайызынан жыныс жолымен таралатын түрлі инфекция анықталған. Қазақстандық ер адамдарда ең көп таралған патология - созылмалы простатит.
"Мойындауымыз керек, осыған дейін мемлекет ер адамның денсаулығына әйелдердің денсаулығына қарағандай назар аудармайтын. Ал ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы әйелдерден 10 пайызға төмен. Жаңа туған ұл балалардың саны қыз балаларға қарағанда бірнеше есе көп. Ер адамдар дәрігерге әйелдерге қарағанда үш есе аз барады, сондықтан да ер адамның бойындағы ауруды ерте анықтау қиын. Ер адамдар әйелдерге қарағанда жүрек ауруына үш есе көп шалдығады, ал қант диабетіне алты есе көп шалдығады. Соңғы бес жылда простат қатерлі ісігінен қаза табатындардың саны сүт безі обырынан қаза болатындарға қарағанда екі есе өскен", - деп келтірді мәліметтерді профессор Алшынбаев.
Тексерістен өткен ер адамдардың үштен бір бөлігі бедеулікке байланысты дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Мұндай науқастар көбінде Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады.
"Елдегі мұнайгаз бен металлургия өнеркәсібінің дамуын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасындағы техноген аймақтарында жұмыс істейтін ер адамдардың репродуктив жағдайын тексеруден өткіздік. Жалпы мұнай өндіру орындарында жұмыс істейтін 28 мың адам тексерістен өткізілді, олардың 53,2 пайызы түсті металлургия кәсіпорындарында жұмыс істейді", - деді Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының Басқарма басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан.
Дерек көзі: tengrinews.kz