Сапарбаевтың есеп беру жиналысын аудандағы тұрғындар онлайн түрде көрді
2016 ж. 25 ақпан
3044
2
Ақтөбе облысының әкімінің есебі бірнеше ерекшеліктерімен өзгеше өтті. Бұрынғы әкімдердей әкімдіктің 500 адамдық мәжіліс залында емес, Бердібек Сапарбаев 3000 адам сиятын «Қоныс» спорт сарайында есеп берді. Іші мұздай суық сарайда жиналғандар сырт киіммен сіресіп отырды. Үш сағат ішінде әбден тоңса да, отырды. Және облыс әкімі есебін 12 ауданнан 5000 адам online режимде қарады. Ең бастысы, облыстағы құзырлы мекеме басшылары әкім есебі басталмай тұрып, халықтың өтініш-арыздарын қабылдап отырды. 2 сағат ішінде 170 адам былайғы уақытта қолдары жете бермейтін басшыларға өз арыз-шағымдарын айтуға мүмкіндік алды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басшысы ең көп арыз –шағым (45) қабылдады. Одан кейінгі орында еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті болды. Бұл мекеме басшысы атына 24 арыз түсті. Ал, әкімнің өзіне 139 сұрақ қойылған. Пошта жәшігіне -25, әкім блогына -100, сайтқа-14 сұрақ түскен. Мұндай деңгейде, мұндай көлемде өткен әкім есебі облыс тариxында ғана емес, республика көлемінде бірінші рет шығар. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барлық сұрақтар мен арыз-шағымдар жауапсыз қалмайды деп сендірді. Бердібек Сапарбаев әкім болып келгелі, қалғып-мүлгіп келген облыс шенеуніктерін оятып, халыққа жақын істерімен аты жер жарған еді. Сонысымен үміт отын маздатқан. Бердібек Сапарбаевтың аты-жөнін депутаттыққа үміткерлер тізімінен көргелі елден маза кетті. Әкім есебінде бұл сұрақ та қойылмай қалмады. Өз кезегінде әкім бұл сұраққа ол мәселені өзі шешпейтінін жеткізді.
Бақыт Жаншаеваның фейзбук парақшасынан
qazaquni.kz