Желтоқсанның 30 жылдығы лайықты аталып өтілетін болады - Б.Байбек
2016 ж. 24 ақпан
2668
0
Есеп беру кездесуінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек биыл аталып өтілетін мерекелік даталарға тоқталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Биыл Жібек жолының жауһары болған Алматының 1000 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Осыған орай қаланың жаңа логотипіне байқау жарияланды. Жақында комиссия ұсыныстар ішінен үздігін таңдайтын болады. Сонымен қатар, биыл Алматыда болған Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы, ұлт-азаттық көтерілістердің 100 жылдығы екенін білеміз. Еліміздің бас мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында осы даталар лайықты атап өтіледі», - деді Бауыржан Байбек.
Дерек көзі: Қамшы.кз