Қазақстандық жұбайлар азғындықтың жаңа түріне тіркеле бастады

Төрт адаммен қатар жыныстық қатынасқа түсу – жұбайлық өзгеріске керемет бастама. Құрамында 422 қазақстандық жұп бар SW халықаралық свингер-клубы осылай санайды.

5db52bb45ec6166a4432c6f9d9a06ebf
Сурет livejournal.com 

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

SW клубы свингті қолдайтын ТМД елдері өкілдерін біріктіреді. Бұл жабық ұйымға кіру оңайға түспейді. Ұйымдастырушылар жіберілген анкеталар мен үміткерлерді мұқият сүзгіден өткізеді. Яғни, кез-келген адам емес, шынайы свингерлер ғана тіркеле алады. Ал ұйым мүшесі атанған отбасылық жұптар түрлі кештерге қатысып, қызу таныстыққа кірісіп кетеді.

Астанадан 124, Алматыдан 298 жұп көрші мемлекеттерге кездесулерге жіберіледі. Кэрри және Ник есімді ерлі-зайыпты шетелдік свингерлермен араласу да үлкен тәжірибеге ие. Олар өздерінің оқиғасы туралы туыстарына, әріптестеріне, достарына да тіс жармайды екен. Бірақ, Кэрри журналистпен тілдесуге келіскен. 30 жастағы әдемі, келбеті келіскен әйел барлық сауалдарға еш қысылмастан жауап берген.

“Көптеген адамдар бізді бұзылған деп ойлайды. Свингерлердің өзара қарым-қатынасы ізгілікке, құрметтеуге құрылған. Біз барлық шешімді бірге отырып қабылдаймыз. Менің күйеуім менің түнді кіммен өткізгенімді біледі. Сәйкесінше, ол да көрші бөлмеде өзгемен қатынасқа түседі. Барлығы әділетті. Ал осындай қатынас барысында туындайтын түрлі сауалдарды шешу үшін біз осы клубты құрдық. Әрине, интернетте жергілікті свингерлердің парақшасы болатын. Алайда, бір жағымсыз оқиғадан соң біз онда жазбайтын болдық. Екі жыл бұрын интернетте бір жұппен танысып, кездесе бастадық. Қыдырып саябаққа келгенбіз. Кенет күйеуім өзге балалардың бізді ұялы телефон камерасына түсіріп жүргенін байқап қалды. Олар бізді мазақ қылып, келеке етіп шығамын дегенше соңымыздан қалмады. Ал клубта ондай нәрсе болмайды. Бізде өзіміздің қатаң ережелеріміз бар. Кез-келген тәртіп бұзушылық үшін, айыппұл төлейді. Біз Никпен бірге Белгород, Запорожье, Ташкент, Қазан, Бішкек, Кишиневтегі свинг-кездесулерге бардық”, – дейді Кэрри.

Олардың ішкі ережелері бойынша жұппен жалғыз барып танысуға болмайды. Екіншіден, шектен тыс мазасын алмау керек. Егер, олар қарсылық білдірсе, онда қайтадан мазалаудың қажеті шамалы. Үшіншіден шектен тыс спирттік ішімдіктер ішуге тыйым салынған. Ал осындай клубты Қазақстанда ашудың керегі жоқ дейді. Себебі, бұл ел ішінде жағымсыз көзқарас тудырады. Бірақ, олар бұл мәселеге басқа қырынан келуге ниетті. Болашақта “Ұлттық свингтің ерекшеліктері” деген атаумен қамшы, шапан секілді атрибуттарды қатыстыра отырып фотокөрме жасамақшы екен.

“Күйеуіңнің өзге әйелмен көзіңше айналысуы міндетті емес. Ашық свингті қаламасаңыз, оны басқаша орындауға мүмкіндік бар”, – дейді ол.

Кэрридің кішкентай қызы да бар екен. Болашақта қызының да свингерлік жолға түсуіне ол қарсы емес. Тек жасы әлі кішкентай дейді.

“SW клубы кәмілет жасына толмағандарды қабылдамайды. Бізде балалармен бірге эротикалық фотоға түскендер шеттетіледі. Олар өскеннен кейін жыныстық өмірін қай жолға бұруын өздері шешеді”, – дейді Кэрри.

Татьяна АЛАДЬИНА.

Дерек көзі: Stan.kz