Ильхам Әлиев пен Серж Саргсян келісе алмады
2010 ж. 08 желтоқсан
1399
0
АСТАНА. Қарашаның 3-і. BNews.kz. – Әзербайжан мен Армения Президенттері Ильхам Әлиев пен Серж Саргсян ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммитінде бір-біріне Карабах қақтығысы бойынша келісімге келмек ниеттері жоқ деп тағы кінә тақты.
«Әзербайжанның бізді күшпен қорқытып, біржақты түрде жол беруге итермелеу әрекеттері күші жағынан шектеулі болып қана қоймай, мардымсыз болып қалады, проблеманы шешу жолында осы кедергі болып отыр. Осы кезеңде Әзербайжан таулы Қарабах қақтығысын шешуге ешқандай қызығушылық көрсетіп отырған жоқ, оның жалғыз мақсаты Арменияға барынша залал келтіру», - деп мәлім етті С. Саргсян кеше Астанада ЕҚЫҰ саммитінде.
Ол «егер Әзербайжан соғыс агрессиясын бастаса, Арменияның Таулы Карабах Республикасының заңды мәртебесін танып, арцах халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның мүмкіндіктерін күшейтуден басқа амалы қалмайды», деп ескертті.
«Таулы Карабахқа Әзербайжанның аумақтық бірлігі ретінде қалып қою төніп отыр, қандай шешім қабылданса да, Қарабах халқының ерік-таңдауы тиіс. Өзін-өзі анықтау құқығына халық қана ие. Әзербайжанның Таулы Карабахқа ешқандай заңды да, моральдық та құқықтары жоқ», - деді ол.
Ал ЕҚЫҰ саммитінің бірінші күні Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Таулы Карабах - Әзербайжанның тарихи бөлігі деп мәлімдеме жасады.
«Бүгінгі күні Армения босқындардың үйлеріне қатуына кедергі жасау үшін басып алған аумақтардағы бақылауын сақтап қалу мақсатында күш қолданып отыр. Осыған қарамастан, Әзербайжан бұрынғыдай, бейбіт келісімдерге үміт артады, олар нәтиже береді деп сенеді», - деді И. Әлиев.
Оның айтуынша, қақтығысты шешу халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын сақтауға, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрт қарарын, ЕҚЫҰ шешімдерін, Еуропа кеңесінің Еуропа парламентінің және басқа да халықаралық ұйымдардың резолюцияларын орындауға негізделуге тиіс.
Сондай-ақ, И.Әлиев Арменияны «қысқа мерзімде қақтығыстың нақты шешімін табу бағытындағы ерік-жігер жағдайында келіссөз жүргізгеннің орнына, қақтығысты болжауға болмайтын салдарымен эскалациялау жолын таңдап отыр» деп кінәлады.