Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткен әкім
2010 ж. 08 желтоқсан
1633
0
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов кәсіпкерлікке қолдау көрсетуде көптеген жұмыстар тындырып келеді.
Ағымдағы жылдың 7 айында кәсіпкерлік құрылымдардың саны 113 мың бірлікті құрап, 2009 ж. тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,6%, ал кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 275,3 мың адамға жетіп, 13,7%-ға өсті. Есепті кезеңде шағын кәсіпкерлік субъектілері 91,3 млрд. тг. өнімін өндірді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 68% - ға артты.
Қазақстанда 2009-2011 жылдары рұқсат беру жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасының және ҚР Президенті Жолдауының іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында үстіміздегі жылы облыста аудан және қала әкімдерінің, облыс басқарма басшыларының, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен жергілікті деңгейдегі әкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылып, инвентаризацияны өткізу және рұхсат беру рәсімдерін (құжаттарын) қайта қарау бойынша әзірленген Әдіснамалық нұсқаулықтың талаптарымен таныстыру семинары өткен еді.
Сондай-ақ, облыстың мемлекеттік органдары рұқсат құжаттарын беру рәсімдерін жеңілдету және әкімшілік тосқауылдарды қысқарту бойынша заңда белгілінген тәртіппен, ұсыныстарды еңгізу мақсатында, облыс әкімдігінің арнайы қаулысымен «Бизнес ОҚО» Аймақтық Үйлестіру Кеңесі құрылған-ды.
Соңғы 3 жылда облыстық мемлекеттік органдарымен шамамен 151 670 рұхсат құжаттары берілді. 2009-2010 жылдары қаржыландырылған 378 жоба 2009 жылы, ал 1269 жоба 2010 жылы іске қосылды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға баса мән беріп, Үкіметке 2011 жылдың аяғына дейін оны жүргізу мен тіркеуге байланысты жұмсалынатын түрлі операциялық шығындарды неғұрлым азайту, 30 пайызға дейін төмендету жөнінде арнайы тапсырма берген болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында облыс көлемінде 61 рұқсат құжаттар (лицензия, рұқсат, анықтамалар, келісімдер т.б.) анықталып, рұқсат беру тәртіптер (мерзімдік және қаржылық шығындар) 42% қысқартылды. Яғни тапсырмадан 12% артығымен орындалып отыр.