Ақтөбедеден шу шықты
2010 ж. 08 желтоқсан
1631
0
Таяуда Ақтөбе қаласынан шу шықты. Ондағы қоғамдық ұйымдар бірлесіп, ақыл-есі кем балалардың құқығын қорғау үшін арнайы штаб құрды. Олар Мәртөк ауданына қарасты Жайсаң ауылындағы мектеп-интернатта сау балаларға психотропты дәрілер берілген, ал тәриеленушілер болса, бір-біріне зорлық көрсеткен деген мазмұндағы үндеуді құзырлы органдарға жолдапты.
Бұл мәселе турасында «Рух. Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе филиалының төрағасы Б. Қанатов болса, жоғарыда аталған фактілердің бар екендігін және осы мәселе бойынша бірлестікке арыз түскендігін айтуда. Ақтөбелік тұрғындар болса, сау балаларын аталмыш мектеп-интернатқа жіберуге медициналық-психологиялық комиссияның мәжбүрлегенін жасырмайды.
Ал, мектеп-интернаттың басшылығы мен құзырлы органдар болса, бұл оқиғалардың барлығын жоққа шығарып отыр.
Прокуротура қызметкерлері ешбір дәлел болмағандықтан, Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғаудан бас тартқандығын жеткізді.
Ендігі жерде құқық қорғау органдары қоғамдық ұйым өкілдерінің үндеуінен соң, мектеп-интернатқа қайта тексеру жүргізуді қолға алмақ.
Жайсаңдағы бұл арнаулы мектеп-интернатын соңғы бір айдың ішінде облыстық прокуратурадан бастап көптеген құзырлы мекемелер тексергенімен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері келтірген кемшіліктерді таппапты. Мектеп-интернат директоры енді мекемені қаралаған жандарды сотқа беруге бекініп отыр.