Азат Перуашев: Қазақстан қаражаты республиканың экономикасына жұмыс істеуі керек
2016 ж. 15 ақпан
2596
2
Қазақстанда табылған ақша біздің елде жұмыс істеуге қалып, республика экономикасының өркендеуіне жұмсалуы керек. Бұл туралы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев мәлім етті.
«Қазақстан Президентінің Жолдауында өзіме таныс бірнеше мәселені көзім шалды. Біріншісі, Ұлттық банктен БЖЗҚ міндетін алуда. Біздер Ұлттық банктің болашақ зейнеткерлердің қорларын қалай басқарғандарын көрдік, қаражатты банктерге бөліп берді, ал олар өздерінің тиісінше сол қаражаттарын қолданды. Айта кететін жай, біз өзіміздің депутаттық өтінішімізде ҚР Ұлттық қорының міндетіне орай БЖЗҚ басқармасын қайта құруды ұсындық және бұл жөнінде Мемлекет басшысы да айтқан болатын. Мен осы ұсынысты қолдаймын», – деді «Ақ жол» жетекшісі.
Мемлекет басшысының көп жылдар бойы жүргізіп келе жатқан бірыңғай тұжырымдамалық саясатына сүйене отырып, «Ақ жол» партиясы Қазақстанда табыс тауып, елімізде жұмыс істеп, республиканың экономикасын нығайтуға еңбек ету керектігін айтып өтті.
«Табылған табыс тиімді болып, қосымша құн қосып, біздің елімізде қалуы керек. Егер кәсіпкер адал түрде табыс тапса, ешқайсымыз оның табысы мен шығынына шектеу қоя алмаймыз. Бірақ, барлығымыз көріп отырғандай, әлем бойынша кіріс төмендеді, инвестициялар күрделенді. Басқа мемлекеттер сияқты біздің еліміз де жақсы табыс таба алады. Бір ғана мәселе – қолында көп қаражаты барлар елден кетіп жатады. Алайда Президенттің пәрменімен ол адамдарға заңдық тұрғыдан кепілдік беріліп, олардың қаражатына ешкім көз салмайтынын айтты», - деді А.Перуашев.
Мүлікті заңдастыру 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылғаны белгілі. Мемлекет басшысы 2015 жылдың 30 қарашасындағы Қазақстан халқына Жолдауында меншік пен ақша қаражатын қайтару үшін қосымша ынталандыру шаралары қабылдағанын айтып өтті. Бұл мүлікті заңдастыруға қарқын қосатын маңызды мүмкіндік болып табылады.
"Қазақ үні" газеті