Қазақстандық математик өз теңдеуін шешкен оқушыға $1000 бермекші
2016 ж. 11 ақпан
7484
13
Баян Есентаеваның артынша Асқар Жұмаділдаев та $1000 сыйақы жариялады, — деп хабарлайды Baistars.kz «Қамшы» порталына сілтеме жасап. Алайда академик байқауды білім қуған жастар арасында ұйымдастырып отыр. Академик Асқар Жұмаділдаев «Академик» журналына берген сұхбатында математикадан мықты оқушыларға теңдеу жасырған. Теңдеуді шешкен оқушыға $1000 беретінін айтқан.
Ғалым х!+1=y2 деген теңеу жасырып, осы теңдеудің бүтін шешімдерін табу керек дейді. Ғалымның өзі есептің: х=4, y=5, x! =24. 24+1=25 және x=5, y=11, 5!+1=120+1=121 деген екі шешімін айтып берген.
«Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға 1000 $ сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сыйлық болар еді», — дейді академик.
Айта кетейік, академик 60 жасқа 2016 жылы 22 қыркүйекте толады. Үміткерлер осы мерзімге дейін теңдеуді шешуі тиіс.
Дерек көзі: Қамшы.кз