Қанша қазақстандық әлеуметтік желілерді пайдаланады?
2016 ж. 10 ақпан
3649
0
Қазақстанда 3,3 миллион адам, яғни, халықтың 20 пайызы ғана әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданады. Мұндай мәліметті «Media System» компаниясы «Brand Analytics» сервисі арқылы анықтады. Компанияның мәліметінше, қазақстандықтар ең көп кіретін әлеуметтік желі – «ВКонтакте». Мұны 1,945 миллион кісі қолданады. Олар бір айда шамамен 45 миллион хабарлама жариялайды. «ВКонтакте» әлеуметтік желісін пайдаланатындардың 53,8 пайызы – ер адамдар, ал 46,2 пайызы – әйелдер. Елімізде «Instagram» әлеуметтік желісі де кеңінен танымал. Бұл сервисті Қазақстанда 1,336 миллион адам пайдаланады. Олардың көбі, яғни 71,9 пайызы – әйелдер, қалған 28,1 пайызы – ер адамдар. «Мой мир» желісінде 155,3 мың қазақстандық отырса, олардың 59,5 пайызы – әйел адамдар, 40,5 пайызы – ерлер. Танымалдығы жөнінен бұдан кейінгі орында «Facebook» тұр. Бұл әлеуметтік желіні Қазақстанда 125,8 мың адам қолданады. Мұнда 18-ге толмағандар мүлде «отырмайды» десе де болады. Негізгі аудитория – 25 пен 34 жас аралығындағылар. Дереккөзі: astana-akshamy.kz