ТҮРМЕ БАСШЫЛАРЫ ДА ТҮРМЕГЕ ТОҒЫТЫЛДЫ
2010 ж. 29 қараша
3060
0
Жаз мезгілінде Ақтау қаласындағы 172/1 түрмесінен сотталған 21 адамның қашып кетуіне байланысты бірқатар қылмыстық іс қозғалған болатын. Сот бұл оқиғаны түрме басшыларының өз ісіне салғырт қарауы салдарынан орын алғандығын анықтап отыр.
Ендігі жерде сот Үкіміне сәйкес түрмені басқарған М. Жанахметов – 5 жылға, ал оның орынбасары болған
Ш. Халменов – 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Сондай-ақ бұл іс бойынша кінәлі деп танылған түрме кезекшісінің көмекшісі болған М.Нұрсейітов пен жедел-іс қимыл бөлімінің бастығы Т.Ысқақовтар 3 жыл бойы түрмеде отыратын болды.
Елді елең еткізген осы бір оқиғадан кейін еліміздің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы М. Аюбаев өзінің екі орынбасарымен бірге қызметінен босатылған еді.
Иә, басқа елде қандай екенін қайдам, біздің елде түрме басшылары да түрмеге тоғытылатындай іс істей береді.