Тұмау мен жөтел кезінде иммунитетті көтеру үшін не істеу керек?
2016 ж. 21 қаңтар
12982
3
Жыл сайын тұмау мен жөтелдің маусымы келетіні ешкімге де құпия емес. Вакцинациядан бөлек, өз ағзаңызды қорғау үшін сізге денсаулығыңызды күтіп, дұрыс тамақтанғаныңыз да көмектеседі. Футболдағы секілді, денсаулық мәселесіне келгенде де ең жақсы қорғаныс - шабуыл. Деннің саулығына аса жауапкершілікпен қарауға тиіссіз. Өзіңіз үшін жақсы диета таңдаңыз, шылым шегіп, спирттік өнімдер ішу секілді жаман әдеттерден аулақ болыңыз. Бұл сізге иммунитетіңізді нығайтуға сеп болады.
Ең бастысы сіз дұрыс диета таңдауға тиіссіз. Диетада иммунитетті әлсірететін тағамдар аз болуы тиіс. Сонымен қатар, майдың шамадан тыс болуы иммунды жүйенің белсенділігін төмендетеді. Қант лейкоциттердің вирус пен бактерияға қарсы тұру қабілетін азайтады.
Ағзаны тұмаудан қорғауға арналған он түрлі ұсынысқа назар аударып, аталған тағамдарды өз рационыңызға қосып көріңіз.
Йогурт
Йогуртта ағзаны қауіпті бактериялардан қорғайтын белсенді бактериялар бар. Австриядағы Вена университеті жүргізген зерттеу күніне 200 грамдай йогурт қолдану иммунитет үшін пробиотигі бар тағам қоспаларынан әлдеқайда пайдалы.
Ал Швециядағы тағы бір зерттеу лактобактериялары бар тағамдарды қолданған пациенттердің плацебо ішкен адамдарға қарағанда 33 пайыз сирек ауыратыны байқалған. Өндірушісіне қарамай, әр күні сайын белсенді бактерияларға толы йогуртты күн сайын қолданып тұру қажет.
Егер тұмауға шалдықсаңыз, йогурт асқазан ішек жолдарына салмақ түсірмейді. Балаларыңыз йогуртты жақсы көрсін десеңіз, йогуртты парфеге сұлы жармасын қосып беріңіз.
Сұлы, арпа және өзге де дәнді дақылдар
Жасұнық тек қана жүрек пен ас қорыту органдарына көмек қана емес, бактерия және вируспен күресте де өте үлкен рөлге ие. Бета-глюкан макрофаги мен нейтрофилдегі ақ қан түйіршіктерін белсенді қимылдатып, иммунитеттің зиянды бактериялардан сақтануына әкелетін компонент. Нутриенттер де жараның тез жазылып, антибиотиктердің мейілінше жақсы жұмыс істеуіне серпін береді.
Жасұнықтың бір күнгі мөлшері 25 грамға жету керек. Алайда, адамдардың көп бөлігі 11 грамға жетер жетпесін қабылдайды. Бұл әсіресе, ұн тағамдарын көп пайдаланып, жеміс-жидекті аз жегендіктен.
Су, су және су
Мейілінше суды көбірек ішіңіз. Біздің ағзамызға су өте қажет. Су терінің шырышты қабығын ылғал етіп сақтауға көмектеседі. Егер ылғалдылық бол маса, кішігірім жарықтар пайда болуы мүмкін. Ал бұл жарық арқылы патогенді микроағза енуі мүмкін.
Шай
Адамдардың көп бөлігі жай су ішкенді жақсы көрмейді. Мұндай жағдайда ағзадағы ылғалды шай қамтамасыз етеді. Бір зерттеудің нәтижесінде 2 апта бойы 5 кесе қара шай ішкен адамның қанындағы вирусқа қарсы интерфондардың индиферентті ыстық сусын ішкен адамнан 10 есе артық екені байқалған. Иммунитеттің белсенді болуына әсер ететін амин қышқылы (L-Тианин) қара шайда да, көк шайда да бар. Ал шайдың құрамында кездесетін тағы бір зат алкиламин иммун жүйесін бактерия және аллергендермен қорғауда жақсы қызмет етеді.
Тұмау мен жөтел кезінде ыстық сусындар ішу міндет. Өйткені, олар бітеліп қалған мұрынды ашуға көмектеседі.
Тауық сорпасы
Тауық сорпасы асқынудың алдын алады. Бұл өте қажет, себебі, тұмаудың негізгі белгісі кеңірдек тарамында жасушалардың жиналуынан басталады. Тауық сорпасын дайындау кезінде бөлінетін цистеин аминқышқылы кеңірдек тарамынан қақырықты алып шығатын ацетилцистеин дәрісін еске салады.
Сорпаға тұз қосыңыз. Тұз тұмау кезінде қақырықты түсіруге көмектеседі. Сорпаға қоспалар мен көгеністерді қоссаңыз, иммунитетті арттыратын керемет тағам шығады.
Сарымсақ
Сарымсақ белсенді алицинге бай. Алицин инфекция және бактериялармен күреседі. Кезекті зерттеу кезінде пациенттерге 12 апта бойы сарымсақ сығындысын берген. Нәтижесінде, тұмауден ауырушылар 2/3 азайған. Сондықтан, тауық сорпасына да аздаған сарымсақ қосуды ұмытпаңыз.
Асқабақ пен тәтті картоп
Қызғылт көгеністер антиоксиданттарға бай. Сонымен қатар, асқабақ пен тәтті картоп зиянды бактериялармен күресетін бета-каротинге бай. Бета-каротин теріні сау етіп сақтап, ауру тудыратын бактерия мен вирустардың алдын алатын А дәруменінен таралатын зат. Бета-каротинге сәбіз, асқабақ және жұпар иісті қауын бай келеді.
Егер сіз асқабақтың жұмсағын алып отыруға ерінсеңіз, әдеттегідей асқабақ пюресін алыңыз. Бір ас қасық пюреге грек йогуртын қоссаңыз, иммунеттеті екі есе қорғайды.
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар лейкоциттерді көбейтіп, оларды белсенді ете түседі. Шиитаке, майтаке және рейши саңырауқұлақтары иммунді жүйеге жақсы әсер етеді.
Балық және теңіз тағамдары
Шаянтәрізділер устрица, лобстер, шаян және екі ашылмалы моллюскілерде кездесетін селен мен минерал лейкоциттерге ағзадан тұмау вирустарын кетіретін цитокиндерді өндіруге көмектеседі. Ақсерке балық, кішкентай теңіз балығы және сельдь асқынудың алдын алып, өкпені инфекциядан қорғайтын омега-3 қышқылына бай. Теңіз өнімдерін пайдаланған жөн. Оларда С дәрумені апельсиндегіден де көп. Бұл дәрумендер вирусқа қарсы белсенді әрекетімен танымал.
Сиыр еті (құрамында цинк кездесетін өзге де тағамдар)
Қызыл етте цинк өте көп. Цинк бактериялар мен вирустарды тез анықтайтын лейкоциттерді дамытуға көмектеседі. Цинктің жетіспеуі ауруды тез жұқтыру қаупін көбейтеді. Егер қызыл етке үнем жасағыңыз келсе, цинктің теңіз тағамдарында, сондай-ақ, сұлы жармасы мен йогурт және жаңғақтарда болатынын ескеріңіз.
Иммунитетті жақсартуға арналған қосымша элементтер.
Иммунетитетті төмендетін әдеттер бар. Олардан тезірек құтылуға тырысыңыз:
Шылым шекпеу. Егер шылым шексеңіз, бұл әдеттен арылыңыз. Темекі түтінінде 4000-ға жуық химиялық қоспалар бар. Оның ішінде, 43-ке жуығы канцерогенді (ракқа шалдығуға әсер етеді). Шылым шегу жүрек пен өкпе ауруларын жиілетеді. Темекі тартудан келген аурулар ішкі органдардың қызметін бұзып, иммунитет жүйесін төмендетеді.
Демалыс. Көп демалыңыз. Ұйқының жетіспеуі иммунитетке әсер етеді. Әсіресе, микробтармен күресетін жасушалардың қызметі бұзылады.
Күйзелістен арылыңыз. Үнемі күйзелісте жұру сіздің иммунитетіңізге тікелей әсер етіп, Т жасушаларының пайдалылығын төмендетеді. Сонымен қатар, өзге де жасушалардың белсенділігін азайтады.
Физикалық жаттығулар. Дене жаттығуларына көңіл бөліңіз. Үнемі отыра беру денсаулығыңызға кері әсер етеді. Көптеген адамдар жаттығудың көмегімен арылуға болатын сырқаттарға шалдыққан. Күніне 30 минут аэробикамен айналысу иммунитетті кәдімгідей көтереді.
confederation.kz