Динара Тілендиева желіде талқыға түскен суреті жайлы пікірін айтты
2016 ж. 15 қаңтар
5435
4
“Отырар сазы” оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі, Нұрғиса Тілендиевтің қызы Динара Тілендиева желіде талқыға түскен ашық-шашық суретіне қатысты пікірін білдірді, - деп жазады nur.kz.
“Кешеден бері менің Instagram-ға салған суретім біразыңызды «дүрліктіріп», «наразылық тудырып» жатқан жайы бар екен. Менің жеке өміріме қызығушылық танытып, абыройыма алаңдағандарыңызға ризашылығымды білдіремін”, – деді Динара жазбасында.
Дирижер сөз соңында жанкүйерлерін ақпан айында болатын Тілендиев атындағы “Отырар сазы”оркестiрiнiң концертiне шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын Динара Тілендиеваның Instagram парақшасындағы ашық-шашық суреті желі қолданушыларының наразылығын тудырған еді.