
Дәретхана қағаздарына «Мен сені сүйемін, Өскемен!», «Мен сені сүйемін, Зыряновск!» деген жапсырмалар жапсырылған.
Басылымның жазуынша, жаңаша жарнамаланған тауардың сатылымы да күрт артқан көрінеді.
«Елді-мекен атауларын жазып сатуды біз өткен жылдың қазан айында бастадық. Бұл да туған қалаға деген сүйіспеншілік пен патриоттықтың бір үлгісі. Идеяның мақсаты аймақ тұрғындары мен қонақтарының оң эмоциясын туғызу», – дейді кәсіпкер Ерлан Жүрмұхаметов.
Сонымен қатар, Семей, Зайсан, Ұлан, Риддер, Шемонайха атауларымен де дәретхана қағаздары шығарылып жатқан көрінеді.