Қазақстандағы көпбалалы шенеуніктер кімдер?
2015 ж. 24 желтоқсан
8284
1
NUR.KZ порталы елдегі демографияның артуына үлес қосып жүрген шенеуніктер жайлы фоторепортажды назарларыңызға ұсынады. Бұл азаматтар биліктің тізгінін ұстаумен қатар, бірнеше ұрпақ сүйіп, отбасының ұйытқысы болып отыр.
1. Бір апта бұрын ғана Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болып тағайындалған Қайрат Қожамжаров жары Салтанат Ахановамен бірге 3 ұл мен 1 қыз тәрбиелеп отыр. Ұлдары Елнәр (1987 ж), Жанайдар (1994 ж), Бексұлтан (1996 ж), қызы – Жанель (2005 ж). 2. Зағипа Балиева – мәжіліс депутаты. Жан жары Мұхтар Балиев екеуі 4 ұл мен 2 қызды өмірге әкелген. Ұлдарының есімі: Данияр, Ернар, Алияр, Нұрсұлтан. Қыздары – Наргиза, Альдара. 3. Павлодар қаласының әкімі – Болат Бақауов та 5 баланың әкесі. Еңбек жолын совхозда көлік жүргізушілігінен бастаған ол бүгінде қала әкімі шеніне дейін көтерілді. 4. Серікбай Тұрымов –ағымдағы жылдың жазында Ақтау қаласының әкімі болып сайланды. Өмір жолында құрылысшы да, жүргізуші де болған азамат бүгін беделді атқамінер және 5 баланың әкесі. 5. Оразгүл Асанғазы – мәжіліс депутаты. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Биік белеске қол жеткізген еңбекқор жан, ардақты ана. Халық қалаулысы бүгінде 5 бала тәрбиелеп отыр. 6. Қазақ санының артуы мен демографиялық мәселелерді жиі көтеретін депутат Нұртай Сабилянов та көп балалы әке. Жары Нұрсәуле Оразбаевамен бірге 5 баланы өмірге әкеліп, берекелі отбасы болып отыр. 7. Парламент сенатының депутаты Рашит Түсіпбековтің 4 ұлы бар. Генерал шешіндегі шенеунік жары – Күләш Аташқызымен бірге немере сүйіп отыр. 8. Ең сымбатты әкім титулының жеңімпазы, Шымкент шаһарының басшысы Ғабидолла Әбдрахымов та көп балалы әке. Бүгінде ол –Әсел (1998 ж), Адель (2003), Алтынай (2009 ж) сынды 3 қыз бен 2004 жылы туылған Әлихан атты ұлды тәрбиелеп отыр. 9. Қарапайым агрономнан қала әкіміне дейін көтерілген, Қостанай қаласының басшысы Базыл Жақыпов 4 баланың әкесі. 10. Мәжіліс депутаты Серікбай Нұрғисаев та көп балалы әке. Бірінші жары – Светлана Мырзатайқызынан Данара есімді қызы, Темірлан атты ұлы бар. Ал қазір танымал әнші Гүлнұр Оразымбетовамен бірге қос ұлды тәрбиелеп отыр. 11. Жақында көпбалалы анаға пәтер кілтін табыстаған Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев әйелін алтыншы баласын босануға көндіріп жүргенін айтқан болатын. 5 бала тәрбиелеп отырған Қанат Бозымбаевты да ел демографиясына айтарлықтай үлес қосып жүр деуге болады. Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.Дереккөз: NUR.KZ