2015 жылдың 14 желтоқсанында айырбас бағамы долларына 338-340 теңгені құрады. Сол арада қазақстандық көлік дилерлері бірден темір тұлпарлардың бағасын өзгертуге кіріскен.
Бұл туралы
“Колёсаға” сілтеме жасап
NUR.KZ хабарлайды.
Теңге бағамы еркіне жіберілген сәттен бастап, қазақстандық көлік салондары қойған баға тоқтаусыз өсуде. Айта кетерлігі, салондарда шетелдік көліктермен қоса, отандық көліктердің де бағасы қымбаттай түскен.
15 желтоқсаннан бастап «АЗИЯ АВТО» құрастыратын барлық дерлік көліктердің маркалы, нақтырақ тоқталсақ, ŠKODA (6.5-тен 31%-ға дейін), Chevrolet (+7 %) және Kia (6.7-ден 17%-ға дейін) бағалары өскен. 2015 жылдың модельдерінен бөлек, 2014 жылдың модельдері де қымбаттай түскен.
Мәселен, өткен жылғы седан Octavia 3 836 000 теңгеден 5 585 000 теңге болып бір-ақ көтерілген. Ал Kia Sorento 8 918 000 теңгеден 9 555 000-ға барған.
Mitsubishi маркаларының бағасы 6.9 %-ға өскенін компанияның ресми сайтынан байқауға болады. Жаңартылған Outlander 7 312 166-тен 7 858 205 теңге болып өскен. Алайда Allur Auto парақшасына бұл өзгерістер ене қоймаған. Оның ресми сайты әлі күнге дейін баға парақшаларын ауыстырмаған.
15 желтоқсанның 13:50 уақытында JAC, Geely, Mitsubishi, Suzuki, Peugeot және SsangYong көліктерінің бағасы өзгеріссіз қалған.
ŠKODA-ның кей модельдері, оның ішінде Octavia да әзірге қымбаттай қоймаған. Ресейден келетін LADA, Renault және UAZ, сонымен қатар Hyundai да бағасын бұрынғы қалпында сақтаған.
Валюталық бағам құбылған сайын бағалары өзгеретін көлік маркалары – Mercedes-Benz, Audi, Porsche, Nissan, Toyota және Lexus.