Лауазымды топ-менеджер параны санап алып жатқанда ұсталды
2015 ж. 16 желтоқсан
2101
0
16 желтоқсан
Шығыс Қазақстан облысында «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Манарбек Сапарғалиев парамен ұсталды.
Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ақшаны санап алып жатқан жерінде оның үстінен түскен деп хабарлайды КТК арнасы. Осылайша Сапарғалиев делдалы жеткізген 1 миллион 200 мың теңгені алып жатқанда абдырап қалды. Құзырлы орган мәліметінше ол бұл ақшаны өзіне бағынышты кәсіпорын директорынан алған көрінеді. Өйткені пара бермесең жылы орныңнан қуамын деп қорқытқан екен. Манарбек Сапарғалиев әр жылдары Алматыдағы Алмалы және Бостандық аудандары әкімдерінің орынбасары қызметін атқарған. Ал Шығыс Қазақстан облысында Өскемен және Риддер қалаларының әкімі болып та жұмыс істеді.Дереккөз: КТК арнасы