Астанада алтын унитаздар сататын дүкен ашылды (фото)
2015 ж. 07 желтоқсан
2231
0
Астананың құрылыс дүкендерінің бірінде элиталық сантехника дүкені ашылды. Онда алтын унитаздар сатылуда. Бөлім басшысының айтуынша, дағдарысқа қарамастан, оның тауарларына сұраныс өте жоғары.
Алтын унитаз. Фото: ЭК/Валерий Калиев
Элиталық бутик “СтройМарт” сауда үйінде ашылған. Ол жердегі бір унитаздың құны – 266 мың теңге. Унитаз 24 караттық алтынмен шапталған.
Дағдарысқа қарамастан, унитазға деген сұраныс өте жоғары екен. Сол себепті бутик қожайыны (қытайлық азамат) алтын ванналарды да әкеліп қойған. Оның бағасы – 555 мың теңге. Ол алтын пластиналардан құралған сұйық мәрмәрден жасалған. Одан бөлек дүкенде күміс, фарфордан жасалған әжетхана жабдықтары сатылады.
Дереккөз: NUR.KZ