Байқоңырды пайдаланып отырған Ресей қала дамуына 1 тиын да бөлмеген
2015 ж. 27 қараша
2146
2
Қазақтың жан жарасына айналған Байқоңыр қаласының тұрғындары жаппай жұмысынан айырылуда. Себебі біздің жерді жалға алған Ресей бүгінге дейін қаланың дамуына 1 тиын ақша бөлмеген.
Нәтижесінде 641 азамат жұмыстан шығарылған. Оның 409-ы – қазақстандықтар деп хабарлайды Алматы арнасы.
Осыдан кейін Қызылорда облысы әкімдігі дереу іске араласқан соң, 75 отандасымызды қайта жұмыспен қамтыпты.
Айта кетейік, қазақтың жері болғанмен, Ресейге жалға берілген қалада түсінбеушілік көп. Мәселен, біздің ел 2008 жылы аурухана салған Байқоңырға, бірақ ол әлі күнге қабылданбай отыр. Медициналық мекеме ісін бастаса, 241 маманды жұмыспен қамтуға қабілетті. Осы мәселені Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев та үкімет отырысында көтерген болатын.