Маңғыстауда бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
2015 ж. 19 қараша
1590
0
12 қараша күні Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында мектеп пен “Шағала” балабақшасы өз екіктерін айқара ашты, - деп хабарлайды Маңғыстау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Мектеп 1200 орынға шақталған, мультимедиялық және лингафондық кабинеттермен жабдықталып, жаңаүлгідегі биология, химия, физика сыныптары қарастырылған. Сонымен қатар, мұнда жылыжай жұмысы да қарастырылған. Аталмыш нысанның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд. 537 млн. теңге бөлінген болатын. Жергілікті тұрғындардың ішінен 200-ден астам адам жұмыспен қамтылды.
- Елбасының жүргізіп отырған саясатының арқасында бүкіл ел бойынша жастардың білім алуына арнап барлық жағдайлар жасалуда. Елдің тұңғыш Президенті айтқанындай, білім деңгейін арттыруда біз әлемдік стандарттарға қол жеткізуіміз қажет. Өскелең ұрпаққа жақсы білім мен тәрбие беру - біздің мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі. Бірнеше жылдың ішінде Атамекен елді-мекенінің 2,5 мыңнан астам баласы Ақтау қаласының мектептерінде білім алған болатын. Енді балалар ешқайда бармай-ақ жаңа заманауи мектепте білім ала алады. Айта кететін жәйт, соңғы үш жыл ішінде Мұнайлы ауданының мектеп бітіруші түлектері ҰБТ нәтижелерінен Маңғыстау облысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Мұнайлы ауданы өздерінің табыстары және жетістіктерімен бұдан әрі де қуантады деп үміттенеміз,- деді Маңғыстау облысы білім беру басқармасының басшысы Зейнеп Тастермірова.
“Шұғыла” балабақшасы жергілікті бюджет есебінен “Балапан” мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Бұл мақсатқа 401 млн. теңге бағытталған болатын. Білім берудің жаңа нысаны медтцтналық кабинетпен, музыка сабақтары мен спортқа арналған залдарымен, балалар алаңдарымен жабдықталған.
- Егер Мұнайлы ауданы ұйымдастырылған уақытта балалардың мектепалды мекемелермен қамтамасыз етілуі 1%-ды ғана құраса, бүгінде 3 жас пен 6 жас аралығындағы 62% бала 30 жаңа балабақшада тәрбиеленеді. Бұдан басқа, осы жылдың аяғына дейін тағы 2 жеке меншік МДМ-ні пайдалануға беру жоспарлануда, - деп атап айтты Зейнеп Тастемірова.
qazaquni.kz