ТОҚЫЛДАҚТЫҢ ТӘУБӘСІ
2015 ж. 22 қазан
1983
1
Алматы қаласының әкімдігі бірнеше жылдан бері автотұрақ мәселесін шеше алмай отыр.
Қазіргі ауадан ақша жасап жатқан автотұрақтардың бәрі заңсыз. Иесіз жатқан жол бойын иемденіп ақша тапқандар енді жазаға тартылады дейді Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлив.
Осы мәселеге қатысты «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында өткен жиында мамандар 2016 жылдың 1-мамырына дейін тегін автотұрақ жүйесін енгізуді ұсынды. «Салығын мүлдем төлемей істеп жатқан жекеменшік және басқа да компаниялар бар. Паркинг қызметкерлерін көшелерден алатын болсақ, олардың орнына басқа тұлғалар келеді»,-деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынның басшысы Еркебұлан Оразалин. Ондаған жылдар бойы осы мәселе тұрақты көтеріліп келеді. Бірақ, ешқандай нәтиже көре алмадық. Бұл жолғысы да орманның тыныштығын бұзғаны үшін аң патшасы арыстаннан ескерту алған, тұмсығынан айырылғысы келмеген тоқылдақтың тәубәсіне ұқсайды. Осы бір түкке тұрғысыз мәселені қала әкімдігінің баяғыда-ақ реттеуіне болатын еді ғой.
Зейнолла АБАЖАНОВ
"Қазақ үні" газеті