Руслан Бектұбаев: ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ
2015 ж. 20 қазан
5074
0
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының
басшысы Бектұбаев Руслан Фаризунұлы:
ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ
– Руслан Фаризунұлы, әуелгі сауалымыз Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы атқарып отырған шаруалар турасында болмақ. Жалпы, басқарма қазіргі таңда қандай жобалармен жұмыс жасауда?
– Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатқаны баршаға белгілі. Биыл осы бағдарламаның соңғы жылы, соңғы сатысы жүргізілуде. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы Маңғыстау өңіріндегі медицина қызметінің дамуына үлкен ықпал етіп, жоспарлы жұмыстар мезгілінде еңсерілді.
– Бәрекелді. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарылды?
– Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауының және «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ерекше көңіл бөлінетін негізгі басымды бағыттарыана мен бала денсаулығын қорғау және әлеуметтік маңызы бар сырқаттар болып табылады. 2014 жылы республикалық бюджет есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы және Жаңаөзен қаласында 100 орындық перзентхана үйі пайдалануға берілді, жергілікті бюджет есебінен 7 дәрігерлік амбулатория мен 1 фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы басталды. Сол жылы жергілікті бюджет есебінен №1 Ақтау қалалық емханасында, №2 Ақтауқалалық емханасының балалар бөлімшесінің ғимаратында, Жаңаөзен қалалық балалар емханасында, Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде, Маңғыстау облыстық ауруханасының тамақ даярлау блогы және мәйітханасында, облыстық стоматолгиялық орталықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды.
Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы республикалық бюджет есебінен 228 093,0 мың теңге сомасына, жергілікті бюджет есебінен 607 905,0мың теңге сомасына нығайтылды. 2014 жылы РБ трансферті есебінен симуляциялық орталыққа арналған жабдықтарды сатып алу үшін 51 017,0 мың теңге сомасындағы қаржы жұмсалып, Жаңаөзен қалалық балалар емханасына 31 050,0мың теңге сомасына рентгенттік кешен, жедел жәрдем қызметі үшін 94 000,0 мың теңге сомасына реанимобильдер және 38 000,0 мың теңге сомасына санитарлық автокөліктер сатып алынды.
Медициналық жедел жәрдем қызметінің жабдықталуы үшін жергілікті бюджет есебінен 19 200,0 мың теңге сомасындағы қаржы санитарлық автокөліктер сатып алынуы үшін бөлінді. Сурдологиялық кабинеттерді ашу үшін 10 000,0 мың теңге №1Ақтау қалалық емханасына және Жаңаөзен қалалық балалар емханасына10 000,0 мың теңге бөлінді. Өткен жылы Басқарма өз қызметін мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсатты индикаторларына қол жеткізу, яғни халық арасындағы өлім-жітім мен мүгедектік көрсеткіштерінің негізгі себептерінің алдын-алуға бағыттады.
Облыста медициналық-демографиялық және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері бойынша ахуалдың тұрақты жақсаруы байқалуда. Статистика департаментінің ресми мәліметтеріне сай, Маңғыстау облысындағы халықтың саны 2015 жылдың 1 қантарда 605 158 мың адамды құраған (01.01.2014ж.- 587,4) (РПН – 620 мың).2014 жылдың қаңтарымен салыстырғанда халық саны 3,3%-ға өскен.
Облыстағы туу көрсеткіші 01.01.2015 жылға 1000 адамға шаққанда 32,6құрайды (2013жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 31,59 құраған, ҚР көрсеткіш 1000 адамға шаққанда – 23,32 құраған). Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіштері 3,0%-ға өскен. Облыстық көрсеткішке қарағанда туу жөнніндегі жоғары көрсеткішБейнеу ауданында байқалады - 34,65, Маңғыстау ауданында - 34,41 және Жаңаөзен қаласы бойынша-33,62.
Облыстағы жалпы өлім көрсеткіші 01.01.2015жылға-1000 адамға шаққанда 4,66 –ны құрайды. (2013ж.- 4,87) ҚР көрсеткіш 1000 адамға шаққанда –7,64 құраған). Сөйтіп, жалпы өлім көрсеткіші 4,0%-ға азайған. Облыстық көрсеткішке қарағанда жалпы өлім көрсеткішінің жоғары деңгейі Ақтау қаласында анықталған-5,93, Маңғыстау ауданында 4,95 және Қарақия ауданында-4,87.
Халықтың табиғи өсуінің көрсеткіштері 01.01.2015 жылға-1000 адамға шаққанда27,64 құрайды. (2013ж.-26,72) ҚР көрсеткіш 1000 адамға шаққанда –15,68құраған).Халықтың табиғи өсуінің көрсеткіштері 3,3%
Әлеуметтiк мәнi бар аурулардың көрсеткiштерiнiң жақсаруы байқалады. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын аурулар саны 100 мың адамға шаққанда1500,1. 2013 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 1455,6 болған. Қан айналымы жүйесінің ауруларының (ҚЖА) 2012-2014 жылдардағы көрсеткіштерін талдау бұл сырқаттардың көрсеткіші 22%-ға азайғанын көрсетті. Қан айналымы жүйесінің ауруларының (ҚЖА) санының азаюын халық құрылымының арасында жас мөлшері жастаутұлғалардың басым болуымен түсіндіруге болады. Облыс халқы құрылымының арасында20-59 жастағы еңбекке қабілеттілер үлесі 54,8%-ды құраса, 0-19 жастағылар-39,3%, ал 59 жастан асқандар– 5,8%-ды құрайды.
Соңғы 3 жылда қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын болатын өлім-жітім санының 47,1%азаюы байқалды, яғни, 100 мың адамға шаққанда 163-тен 86,2 -ге дейін болған. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан (ҚЖА) болатын өлім-жітім саны 2014 жылы- 100 мың адамға шаққанда 37,9 құрады, яғни, 2013 жылғы көрсеткіш 54,0-ден азайған.
– Маңғыстау өңірі бойынша бүгінгі таңда қандай ауру түрі өршіп тұр? Алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр ма?
– Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық саны 2014 жылда 100 мың адамға шаққанда 123,6 құрады, 2013 жылы ол сырқат бойынша көрсеткіш 106,0 болатын. 2012-2014 жылдардағы көрсеткіштерін талдау бұл сырқаттардың көрсеткіші 16,6%-ға өскенін көрсетті. Ауру санының өсуі қатерлі ісік ауруларын диагностикалаудың динамикасының жақсаруымен және скрининг тексерулер арқылы ерте анықтаумен түсіндіріледі. Қатерлі ісік сырқаттанушылық себебінен өлім-жітім 59,9 құрады (2013 жылы-62,7). Былтырғы жылмен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтан болатын өлім – жітім көрсеткіші 1,0%-ға азайған.
Облыстағы қатерлі ісік сырқаттанушылық себебінен өлім-жітім қатарында өңештің қатерлігі ісігінен болған өлім саны жоғары (ОП-15%,) бауыр қатерлі ісігі (5,8%), бұл аурулар қатерлі ісік сырқаттары ішіндегі ең агрессивті түрі болып табылады. Сонымен қатар бұл аурулар бойынша, скринингтік тексерулер жүргізу Ұлттық скрининг аясында біздің облысымызда тек 2015 жылдан бастап енгізу көзделген. Онкологиялық сырқаттанушыларды элекрондық тіркеуге алуды енгізу басталғаннан бері статистикалық есептіліктің шынайылығы жақсара түсті.
БМСК ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтаумен және мамандар қамтамасыз ету үшін онкологиялық қызметтіжақсарту мақсатында облыста 12 онко және 3 маммалогиялық кабинет жұмыс жасайды. 7 онколог және 3 маммолог білімін жетілдіру курстарынан өтті. Жаңаөзен қалалық емханасы автоматикалық жуу құрылғысы бар гастроскоппен жабдықталған. Облыстықонкологиялық диспансерге автоматикалық жуу құрылғысы бар гастроскоппен бронхоскоп, қуық асты безінің қабынуын емдеуге арналған көпнүктелі жабдық сатып алынды. Сонымен қатар ион сәулелерін шашатын құрылғыны алмастырушы «Терагам» гамма терапиялық жабдығы ауыстырылған.
Туберкулез ауруымен күресудің жүйелі түрдегі ұйымдастырылған шаралары қолға алынуда. Туберкулезбен күрестің кешенді жоспары негізінде 2014-2016 жылдарда Маңғыстау облысында жүргізілетін жұмыстардың іс-шара жоспары құрылды.
Есептілік кезеңде облыс бойынша туберкулёз сырқаты бойынша көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда тиiсiнше 66,1 дан 62,4 –ге дейін төмендеген. Былтырғы жылмен салыстырғанда ауру 6% азайды.
Туберкулезден болған өлім-жітім көрсеткіші есептілік кезеңде 100 мың адамға шаққанда 23%-ға азайды (6,1 ден 4,7 дейін). Облыстағы көрсеткіштен жоғары Бейнеу ауданында 8,2, Қарақия ауданында – 8,9 және Жаңаөзен қаласында 5,3 ( облыс бойынша-4,7).Атап өту керек, 2013- 2015 жылдар кезеңінде облыста жасөспірімдер мен балалар арасында өлім-жітім болған жоқ.
Туберкулезден болған өлім-жітімді азайту мақсатында науқастарды күштеп емдеу орталықтарына мерзімінде жөнелту, дәріге төзімді туберкулез формасын ерте анықтау, резервті тиімді препараттарды тағайындау, ошақтағы алдын алу жұмысын күшейту шарасы жасалуда. Одан әрі науқастарға және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарын жандандыру жалғасады.
Облыста санитарлық – эпидемиологиялық жағдай: қызылша ауруы республикалық көрсеткіштен 3,5 есе артып отыр, 2015 жылғы 9 ай қорытындысымен 292 науқас тіркелді, соның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны -63, қалғандары 15 жастан жоғары.
– Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу керектігін айтқан еді. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы не айтасыз?
– Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында 2014 жылдың соңында Ақтау-Жаңаөзен, Мұнайшы-Шетпе тас жолдарының айырығында медициналық-құтқару пункттері құрылды. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 3 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Олар Ақтау қаласында, Маңғыстау және Бейнеу аудандарында орнастырылды. ЖМК мамандарымен облыстың селолық жерлеріне 100 көшпелі қызмет барды. Профильді мамандармен кеңес беру, зертханалық, құралдық,салалық тексерулер жасалды. Осылайша село тұрғындарына кеңестік- диагностикалық көмек қол жетімді. Сонымен қатар, шалғай аудандардағы сырқаттарды жедел түрде облыс орталығына жеткізу үшін Ақтау қаласында тікұшақ жұмысы ұйымдастырылған.
Дәрі-дәрмекпен қамтуға республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың мөлшері 2013 жылмен салыстырғанда 300 млн. теңгеге немесе на 30%-ға өсті. Бұл абулаториялық деңгейде әртүрлі сырқатпен диспансерлік есепте тұрған 50 мыңға жуық науқасты толық мөлшерде дәрі-дәрмекпен қамтуға мүмкіндік берді. Бұдан өзге 2014 жылы облыстық мәслихат депутаттары кейбір науқастар санатынқымбат дәрі-дәрмекпен қамту туралы шешім қабылдады.
Кең көлемді күйіктерден кейінгі қабынудың алдын алу мақсатында облыстық ауруханаға 2 күйікке қарсы керует сатып алынды. Облыстық балалар ауруханасына көптен күтілген жылжымалы компьютерлік томограф сатып алынды. Ол балаларды емдеудің дұрыс бағытын анықтауға көмек етеді. Бұдан өзге аурухана заманауи газбен қамту жүйесімен жабдықталды, палаталарғаоттегі көгілдір артериялар бойынша түседі, ал қауіпті болып саналатын оттегібаллондары қауіпсіз орынға шығарылды.
Облыстықперинаталдық орталық пен Жаңаөзендегі перзентханаға флюорографтар орнатылды, олардың көмегімен босанатын әйелдерге дер кезінде флюротексеру жасалады. Онкологиялық диспансерде жөндеу жұмыстарынан кейін Терагам сәуле терапиясының жабдығы іске қосылды, ол науқастар үшін өзге өңірден ем іздемей, Ақтаудан ем қабылдау мүмкіндігін туғызды.
Санитарлық автокөліктің 14 бірлігі сатып алынды, оның 6-ы реанимобильдер, аудандарға бөлінді және Жаңаөзен мнен Мұнайлы ауданындағы жедел медициналық жәрдем қызметі навигация жүйесімен қамтылды. Ол өз кезегінде жақын маңдағы жедел жәрдем көлігін пайдаланып, сырқат адамға тез көмек көрсету мүмкіндігін береді.
Облыстық мәслихат сессиясына Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау құрметіне орай ҰОС ардагерлерін және барлық Ұлы Отан соғысына қатысқандарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтуды шешу жобасы ұсынылды.
– Маңғыстау облысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында мамандар жеткілікті ме?
– Медициналық мекемелердегі білікті мамандарға деген сұраныс 170 дәрігерді құрайды. Әсіресе, анестезиолог-реаниматологтер, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, педиатрлар,неонатологтар жетіспеушілігі басым. Жас мамандарды облысқа тарту тұрақты түрде жүргізілуде.
Бұл ретте үлкен көмек ретінде ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті және Маңғыстау облысы әкімі арасында қол қойылған жас түлектерді жұмысқа орналастыру, тарту бойынша Меморандумүлкен көмек болып отыр. Сонымен қатар көптеген кәсіпорындардың шаруашылық құқығындағы басқару түріне ауыстырылуы олардыңөз қаражаттары есебінен жас мамандарға көтермелеу қаржысын төлеу, 2014 жылы 13 жас дәрігерге пәтер ақысыны төлеу мүмкіндігін берді.
Жыл сайын медициналық ұйым басшылары Республиканың 5 ЖОО-дағы бос орындар жәрмеңкесіне қатысады. Қаңтардың аяғында бос орындар жәрмеңкесінің өткізілуін күтпей, Батыс Қазақстан медициналық университетінің соңғы курсының студенттерімен әңгімелесу өткізу тапсырылған.
Облыстық әкімшілікпен бюджеттік ұйымдар қызметкерлері үшін салынатын 500 орындық жатақханадан 100-150 медицина қызметкеріне жалдамалы тұрғын үйдің бөлінуі туралы мәселе қарастырылуда.Сонымен облыстың кардиохирургиялық қызметін күшейту мақсатымен 8 білікті кардиохирург, анестезиолог-реаниматолог, онколог мамандар шақыртылды.
Жыл сайын Батыс Қазақстан медициналық университетінің оқу бітіруші жас түлектері облыс денсаулық сақтау мекемелерінің базасында тәжірибеден өтеді. 2013 жылы-50, 2014 жылы-55 интерндәрігерлер клиникалық тәжірибеден өтті.
Грант негізінде үлкен көмек көрсетілуде. Қазіргі таңда облыс әкімінің гранты бойынша 250 болашақ дәрігер білім алуда.
2014 жылға дейін медициналық мекемелерде 12 психолог және 38 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеді. Облыстық әкімшілік пен денсаулық сақтау министрілігінің арасындағы келісімде олардың санын көбейту жоспарланған. Бүгінгі таңда 57әлеуметтік қызметкер және 57психологжұмыс істейді.
– Еңбек жолыңыз қалай өрбіді?
– 1982 жылы А.В.Луначарский атындағы Астрахань мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған соң, 1982-83 жылдары бұрынғы Гурьев станциясындағы Батыс Қазақстан дәрігерлік-санитарлық қызметі, теміржол бөлімшесінің ауруханасында интерн-дәрігер қызметіне орналастым. 1983-84 ж.ж. Бейнеудегі №5 теміржол ауруханасында фтизиатр-дәрігер, 1984-1986 жылдары Бейнеу емханасының меңгерушісі, 1986-1993 жыл аралығында Бейнеу станциясындағы теміржол ауруханасының бас дәрігері болып еңбек еттім. 1993-97 ж.ж. Маңғыстау облысы, Маңғышлақ станциясындағы теміржол ауруханасының және 1997-2002 жылдары «Маңғыстау поселкелік ауруханасы» МКК-нің бас дәрігері лауазамын атқардым. 2002-2005 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі орынбасары, 2005 жылы ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі, Маңғыстау облыстық департаментінде бас маман болдым. 2005-2006 жылдары Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі, 2006 жылдың екінші жартыжылдығында Облыстық туберкулезге қарсы диспансер бас дәрігерінің орынбасары, ал, 2006-2009 жылдары Облыстық қан орталығының директорлығы қызметтерін атқардым. 2009-2011 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары, 2011 жылдан бері басқарма басшысы лауазымындамын.
– Сіз үшін «Тәуелсіздік» ұғымының мәні неде?
– Тәуелсіздік – әр қазақтың жүрегіндегі киелі де қастерлі бойтұмар деп ойлаймын. Ежелден ел арманы, дархан даланың төсіндегі дариядай көңілі бар біздің ұлттың ең басты жәдігері де – азаттық. Еркін ел болу жолындағы көп жылғы күрес, ұлт басына түскен түрлі нәубеттер, кер заман мен зар заманды бастан өткерсе де, қабырғасы қайыспаған бабалар жолы – өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың басында тұруы тиіс. 1991 жылы тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты таққа көтергелі, саналы ой, сарабдал саясаттың арқасында қазақ елі әлемдік аренада қанатын кеңге жайып келеді. Менің және маңғыстаулық барша медицина қызметкерлері Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа жолдауына айырықша мән беріп, оңды істердің орындалысына өз үлесімізді қосып келеміз.
Азаттықтың ақ таңында тілейтін бір-ақ тілек бар, тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болғай!
– Рахмет!
Сағындық РЗАХМЕТОВ
Маңғыстау облысы
qazaquni.kz