География пәнінің мұғалімі Сапарбаевқа Индонезияның астанасын атай алмады
2015 ж. 09 қазан
6648
10
NUR.KZ порталына сенімді дереккөз хабарлайды.
Облысқа әкім болғалы бері аймақтағы басшылардың бәрін аяғынан тік тұрғызған Сапарбаев кезекті сапарында Байғанин ауданын аралаған.
Ауданға қарасты ауылдық округтердің біріне барған әкім мектепке бас сұғады. Сол сәтте мектеп оқушыларына география пәнінен сабақ өтіп жатыр екен. Сапарбаев мұғалімнің білімін тексермек болып, Индонезияның астанасын айтуды сұрайды. Алайда мұғалім сол мезетте Индонезия астанасын есіне түсіре алмай, білмейтінін айтады.
Әкім сұрақты жанындағы тілшілерге қойса да, Индонезия астанасының Джакарта екенін ешкім айта алмаған.
Осыдан соң, әкім «Барлығыңа география пәнін мен үйретуім керек пе?» деп, мұғалімдерді састырған.
nur.kz
Бұл туралы