Мәжіліс депутаттары “Асыл арна” телеарнасын шұғыл тексеру керектігін айтты
2015 ж. 07 қазан
2775
0
Мәжіліс депутаттары бір ауыздан дінтанушылар діни бағыттағы «Асыл арна» телеарнасын тексеруі тиіс деп есептеп отыр.
Бұл туралы «Қамшы» порталы Total.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аталмыш сайт WikiLeaks.org сайтында жарық көрген Сауд Арабиясының «Saudi Cables» деп аталатын құпия құжатында Қазақстандағы «Асыл арна» телеарнасын қаржыландыру туралы хат бар екендігін жариялаған.
Викиликс сайтында жарық көрген хатта Қазақстандағы «Асыл Арна» телеарнасын қаржыландыру туралы жазылған. Құжатта Сауд Арабиясының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми өкілдері аталмыш арнаға қаржы бөлу туралы мәселені талқылаған.
Депутат Айқын Коңыров БАҚ-та жарық көрген ақпарат арнаны тексеруге толық негіздей алады деп есептейді.
Менің білуімше, бұндай арнаны тіркеу мен тарату оңай шаруа емес.«Мемлекеттік органдар БАҚ-та қызу талқыланып жатқан бұл жағдайға мән беруі тиіс. Олардың не туралы айтып, қандай ақпарат тарататындығы туралы сараптама жүргізу керек. Менің білуімше, бұндай арнаны тіркеу мен тарату оңай шаруа емес. Арна тіркелу алдында өзінің контенті туралы бағдарлама жасап өткізді деп есептеймін. Мен өзім БАҚ саласында қызмет атқарғанмын, сондықтан барлығын бақылап отыратын мамандардың бар екенін білемін. Бұл не адами фактор немесе жинақталған «сындарлы топтың» әсері. Мен осы екі нұсқаны ұсына аламын»,- деп өз ойын ортаға салған.
Ал мәжіліс депутаты Асхат Бекенов «Асыл арнаны» уақыты бар кезде қарайтынын, бірақ арнадан ешқандай үгіт-насихат үлгілерін байқамағандығын айтты.
«Бұл арнаны шетел қаржыландырады дегенді естімеппін. Аталмыш мәселеге байланысты құқық қорғау органдары тексеріс жүргізуі тиіс. Сәләфизм мен вахаббизм идеясы біздің қоғамда баяғыда-ақ белең алып кеткен. Тіпті осы идеологияны ұстанатындар да артып келеді. Бірақ ол біздің ұстанатын дәстүрлі исламымызға қайшы келеді»,-деп есептейді Бекенов.
Ақпараттың жедел түрде тарағанына байланысты әлеуметтік желі пайдаланушылар да бұл жағдайды қызу талқылауда.
Дереккөз: NUR.KZ