Бай қаланың бай әкімі

Жақында ғана Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалған Бауыржан Байбектің жеке меншігіне нелер тиесілі екенін «total.kz» сайты есептеп шығыпты.

Көбінесе Қазақстандағы ауқатты жанұядан шыққандар БАҚ-тың назарында болатыны қалыптасқан қағидаға айналып үлгергендей.  Әсіресе, VIP-тұлғалар БАҚ-тың назарынан қашқақтап жүретінімен, атақ-даңқ оларға мұрша бермейтіні анық. Негізінен журналистикалық және адами этикаға сәйкес біреудің қалтасындағы қаражатты санау ерсі болғанымен,  қызығушылық құрғыр не істетпейді.  Егер сіз бен біздің нысанаға алғанымыз биліктің биік мінберінде жүрген азамат болса тіптен...

Сонымен, бүгінгі нысан – Алматының жап-жаңа әкімі Бауыржан Байбек және оның отбасы.

Саясаттану ғылымдарының кандидаты. Мемлекет басшысының құрмет грамоталарымен бірнеше мәрте марапатталған. Құрмет және Парасат ордендерінің иегері. Мұның сыртында Бауыржан Байбек  мырза – «Болашақ» бағдарламасы степендианттарының халықаралық ассоциациясының мүшесі.

Сонымен, Байбек мырзаның байлығы қанша?

2015 жылдың сәуір айында Бауыржан Байбек мырзаның атына   «Aray Consulting Group» компаниясы тіркелген. Әзірге оның жалғыз тізгінін Бауыржан мырзаның өзі ұстап отыр. Компания Астана қаласында жылжымайтын мүліктерді жалға берумен  айналысады. Ресми құжаттарда компанияның бірінші жетекшісі – 28 жастағы Мақсат Рахманқұлов деп көрсетілген екен.

Байбектің жары – Жанар Рахметова 1973 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Әкім мен оның жары – Германияда танысқан және сонда отау құрған.

Бауыржан Байбектің жары – «Болашақ консалтингтік тобы жетекшілерінің» бірі. Компания 2010 жылдан бері қарай белсенді жұмыс істеп келеді. Негізгі ғимараттары – Астана қаласында орналасқан.  Енді қаржылық төлемдер мәселесіне келер болсақ, соңғы 5 жылда ЖШС мемлекет қазынасына салық ретінде – 385 538 6 мың теңге аудырған.  Мысалы, 2013 жылмен салыстырғанда былтырғы жылы аударылған салық 13 есеге артып, 25 655 теңгеден 341 973 2 мың теңгеге артқан. Ал биылғы жылы компания қазынаға 255 871 мың теңге салық төлеген.

Байбек мырзаның ата-анасы қарапайым зейнеткерлер. Оның әкесі Қадырғали Мұқаметәмірұлы Елбасының сыныптасы екені туралы осыған дейін қазақстандық БАҚ-та жазылған болатын.  Зейнетке дейін Қадырғали ақсақал жолаушылар тасымалы саласында еңбек еткен.  Ал анасы – Алтынай Күнғалиқызы Атырау облысынынң тумасы.

Ескере кетейік, Бауыржан Қадырғалиұлының ата-анасы 2013 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады.  Әкесінің атында ЖШС: «БЦ «Нұр Тау» и «WoodArt» тіркелген. Біріншісі, 2013 жылы Астана қаласында ашылса, дәл осы ғимараттың жанында «Нұр Тау» бинес орталығы орналасқан. Бинес орталықта 6 қызметтік бөлім, 3 сауда орталығы, кафе, конфенц-зал және жаттығыу залы орналасқан.  

Екінші компания биыл құрылған.  Ал Бауыржан Байбектің анасының капиталында ЖШС  «Ecovillage» компаниясы 2014 жылы тіркелген. Компания құрылыс саласында қызметтер көрсетумен айналысады. Сондай-ақ, ЖШС «Нұрлы-БИ» компаниясы қызы – Айгүл Байбекке тиесілі болып шықты. Бұл компания 2013-2014 жылдары мемлекеттік қазынаға салық ретінде – 11 846 6 мың теңге төлеген. Айтпақшы, Байбек Бауыржан мырзаның қарындасы – этнограф, өнертану ғылымының кандидаты. Екі бірдей«Aray Fine Dining Group» (ресторан бизнесі) және «Aray Media Group». ЖШС-нің жалғыз иесі.

Сонымен қатар, әкімнің әпкесі «Rosinka Bio»  компаниясының үлескері болып шыққан.

(Барлық ақпараттар ашық және ресми дереккөздерінен алынған)

Аударған: Нұргелді Әбдіғаниұлы

«Қамшы»