Лениннің дәрет сындырып тұрған ескерткіші жұрт назарына ілікті
2015 ж. 25 қыркүйек
3194
3
ras.kz.
Ескерткішті жасаушылардың пікірлерінше, коммунистік идеологияны осылайша күлкіге айналдыру коммунизм ескерткіштерінің өзі мен символдарын қиратып тастаудан гөрі адамға қаттырақ әсер етеді.
Шыны керек, бұл ескерткіш поляктың Краков қаласында былтырғы жылғы маусым айында пайда болған еді. Арада бір жылдан астам уақыт өткенде, әлем БАҚ-тарының қазір неге қайтадан қопсытып жатқаны түсініксіз.
Аталмыш ескерткіш 2014 жылғы 9 маусымда Краковтың Нова Гута ауданындағы Рональд Рейган атындағы алаңында пайда болды. Radio Krakow тілшісінің хабарлауынша, сары түсті миниатюралық ескерткішке «Келешектің субұрқағы» деген ат берілген.
Жаңа субұрқақ қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан әртүрлі ой-пікірлер алып жатыр. Біреулер кіші дәретін өтеп тұрған Ленинді қуана қабылдаса, ендігі бір кісілер әлемге танымал саясаткерді бұлайша мазаққа айналдырудың көргенсіздік екенін білдіреді. Краковта тіпті Ленин ескерткішінің болуына қарсы шыққандар да табылып жатыр.
Ескерткіш алдымен жоғарыда аталған алаңға орнатылды. Кейін сол Нова Гута ауданында орналасқан Лазьня-Нова (Łaźni Nowej) театрының ауласына көшірілді.
Нова Гута ауданындағы құрылыстар 1951 жылы аяқталды. Кеңес билігінің жобалауынша, ол Краковтың пролетариат ауданы болуға тиісті еді. Мұндағы Рональд Рейган атындағы орталық алаңда 1989 жылға дейін Лениннің ескерткіші бой көтеріп тұрды. Алайда, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында көтерілген антикеңестік қозғалыстардың нәтижесінде билік оны демонтаж жасауға шешім қабылдаған. Оның орнына енді мына ескерткіш пайда болды.
Бұл туралы AmericaRU.com хабарлады деп жазады Дереккөз: NUR.KZ